«Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 наурыздағы № 19/8-VIII шешімі

Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 наурыздағы № 19/8-VIII шешімі

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Күршім аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мәслихат төрағасы

К. Бахтияров

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Шығыс Қазақстан облысының

жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламаларды үйлестіру басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

А.Мусинова

_________2024ж.

 

Күршім аудандық мәслихатының

2024 жылғы 4 наурыздағы

№ 19/8-VIII шешіміне

1-қосымша

 

 

Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және

мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың

 қағидалары

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.