«Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 49/516-VI шешімі (күші жойылды)

Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 49/516-VI шешімі

 

Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 5/48-VIІ шешімімен күші жойылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес облыстық бюджет қаражаты есебінен Түркістан облысында тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде рецепт бойынша тегін дәрілік заттар қосымша берілсін.

2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. «Түркістан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімді «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Түркістан облыстық

мәслихаты сессиясының төрағасы

 

М. Мейрманов

 

Түркістан облыстық

 мәлихатының хатшысы

 

К. Балабиев

 

Түркістан облыстық мәслихатының

2020 жылғы 29 мамырдағы

№ 49/516-VI шешіміне 1-қосымша

 

 

Түркістан облысында тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық

емдеу кезінде рецепт бойынша облыстық бюджет қаржысы есебінен тегін қосымша берілетін дәрілік

заттар тізілімі

 

Қосымша дәрі-дәрмектердің аталуы

Азаматтар санаты

Гемагглютинин - «А» типті ботулиниялық токсин кешені 500 ЕД (Диспорт)

Барлық санаттар

Бозентан (Траклир) 125 мг

Пульмикорт 500 мкг

Селлсепт (микофенолата мофетил) 150 мг

Силденафил 50 мг

Трентал 400 мг

Урсофальк 250 мл

Флуимуцил 600 мг

Циклоспорин А 35 мг

Сандостатин 0,1мг/мл

Руксолитиниб 15 мг, 5 мг

Алглюкозидаза альфа 50 мг

Экулизумаб 300 мг

Тобрамицин 300 мг

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.