Су биологиялық ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі комиссиядағы Қазақстан Республикасының өкілін және оның орынбасарын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 272 Қаулысы
(2021.09.12. берілген өзгерістермен)
2014 жылғы 29 қыркүйектегі Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісімнің 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2017.07.12. № 820 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.09.12. № 870 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Талғатұлы Жүнісов Су биологиялық ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі комиссиядағы Қазақстан Республикасының өкілі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Қайратұлы Бахиянов Су биологиялық ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі комиссиядағы Қазақстан Республикасы өкілінің орынбасары болып тағайындалсын.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2016 жылғы 4 мамырдағы
№ 272 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің күші жойылған кейбір өкімдерінің
тізбесі
1. «Каспий теңізінің су биоресурстары жөніндегі комиссиядағы Қазақстан Республикасының делегациясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 8 сәуірдегі № 63-ө өкімі.