(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СУ БИОЛОГИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫН САҚТАУ, ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ...

Су биологиялық ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі комиссиядағы Қазақстан Республикасының өкілін және оның орынбасарын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 272 Қаулысы

 

Осы редакция 2017 жылғы 7 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2014 жылғы 29 қыркүйектегі Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісімнің 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Нариман Талғатұлы Жүнісов Су биологиялық ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі комиссиядағы Қазақстан Республикасының өкілі болып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысы Аян Қайратұлы Бахиянов оның орынбасары болып тағайындалсын.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2016 жылғы 4 мамырдағы

№ 272 қаулысына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің күші жойылған кейбір өкімдерінің

 тізбесі

 

1. «Каспий теңізінің су биоресурстары жөніндегі комиссиядағы Қазақстан Республикасының делегациясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 8 сәуірдегі № 63-ө өкімі.

2. «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 8 сәуірдегі № 63-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 140-ө өкімі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.