«Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 23 қыркүйектегі № 268-НҚ бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 23 қыркүйектегі № 268-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23364 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәйкестікті бағалау қағидаларында:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) бірлі-жарым көлік құралы - мынадай:

Кеден одағына мүше мемлекеттерде конструкциясына айналымға шығарылғанға дейін жеке тәртіппен өзгерістер енгізілген сериялық өндіріс немесе жинақтаушы жиынтықтан жеке тәртіппен сериялық өндірістен тыс жағдайда жасалған немесе жеке техникалық шығармашылықтың нәтижесі болып табылатын немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс бойынша бұрын жеткізілгендер қатарынан айналымға шығарылатын;

Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына жеке тұлға өз мұқтаждары үшін әкелетін (өз мұқтаждарына арналған бірлі-жарым көлік құралдары деп Еуразиялық экономикалық комиссия жеке пайдалануға арналған көлік құралдары ретінде айқындаған авто- және мотокөлік құралдарының бірлі-жарым түрлері мен авто- және мотокөлік құралдарының тіркемелері түсініледі), оның ішінде жеке тұлға электрондық сауда тауарлары ретінде немесе заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға сатып алған, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерде бұрын жол қозғалысына қатысқан, көлік құралы жасалған сәттен бастап үш жылдан астам уақыт өткен, оның ішінде жеке тұлғаларға электрондық сауда тауары ретінде өткізуге арналған көлік құралы;»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.