«Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығы (2025.06.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығы

(2025.06.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Сәйкестікті бағалау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция

министрі міндетін атқарушының

2021 жылғы 29 маусымдағы

№ 433-НҚ бұйрығына

1-қосымша

 

 

Сәйкестікті бағалау қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 2024.09.10. № 350-НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 14 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы Сәйкестікті бағалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және сәйкестікті бағалау тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.