Алматы қаласының жасыл желектерін күтіп-ұстау және қорғау Қағидасын бекіту туралы
VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXXII сессиясының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 211 шешiмi
Осы редакция 2025 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 14) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-3) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласының жасыл желектерін күтіп-ұстау және қорғау Қағидалары бекітілсін.
2. «Алматы қаласының жасыл екпелерін күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 260 шешімінің (Нормативтік құқықты қактілерді мемлекеттік тірке утізілімінде № 1504 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.