Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерді куәландыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-02/691 бұйрығы
(2023.05.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 5 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерді куәландыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.