«Активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын тексеруді тағайындау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 11 қазандағы № 186 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 63 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын тексеруді тағайындау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 11 қазандағы № 186 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33540 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын тексеруді тағайындау және жүргізу қағидаларында:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тексеруге бастамашы лауазымды адам ретінде активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның активтерді қайтару жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы немесе оның орынбасары, не олардың міндеттерін атқаратын адамдар бола алады.
5. Тексеру активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган басшысының не оның міндетін атқарушы адамның тексеруге бастамашы болған активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамы баянатының негізінде қабылданатын шешімі бойынша жүзеге асырылады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Тексерушілер, оның ішінде 2023 жылғы 11 қазаннан бастап тағайындалған тексеру бойынша тексерушілер ретінде активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның активтерді қайтару жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамдары, сондай-ақ осы Қағидалардың 16-тармағында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының қызметкерлері танылады.»;
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қаулының нөмірі және күні, қаулыға қол қоятын активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның, не өзге де уәкілетті лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), тексеру негіздері;»;
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: