Активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын тексеруді тағайындау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 11 қазандағы № 186 бұйрығы
(2025.14.02. берілген өзгерістермен)
«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын тексеруді тағайындау және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы заңнамасымен анықталған тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.