(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) СОТТАРДЫҢ БАНДИТИЗМ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСА ОТЫРЫП, БАС...

Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса отырып, басқа қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы № 2 нормативтік қаулысы

(2008.22.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2017 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Сот тәжiрибесiнде адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, ұйымдасқан қылмыстық топ, банда мен қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыстар үшiн жауапкершiлiк көздейтiн заңнаманы қолдану кезiнде пайда болатын мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қаулы етедi:

1. Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, ұйымдасқан қылмыстық топ, банда және қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыстардың ерекше қауіптiлiгiне соттардың назары аударылсын.

2. Қылмысқа қатысу тек қасақана қылмыс жасау кезiнде орын алуы мүмкiн. Сондықтан бiрнеше адамның абайсыздықтан қылмыс жасауы адамдар тобы жасаған қылмыс ретiнде қарастырылмайды.

ҚР Жоғарғы Сотының 2008.22.12. № 15 Нормативтік қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Кінәлі адамдардың әрекеттеріне «топ болып», «топ болып алдын ала сөз байласып», «ұйымдасқан топ болып» қылмыс жасау белгілері бойынша құқықтық баға бергенде ҚК-нің 31-бабында қарастырылған талаптарды негізге алу қажет.

Қылмыс екі және одан да көп адамдардың қатысуымен жасалған жағдайларда «топ болып», «топ болып алдын ала сөз байласып» қылмыс жасау белгілері бойынша саралануы мүмкін.

Кінәлі адамдардың әрекеттерін «топ болып алдын ала сөз байласып» қылмыс жасау белгісі бойынша саралаған кезде екі және одан да көп адамның қылмыс жасауға бағытталған кез келген түрдегі уәделесуінің болғанын, яғни осы адамдардың тікелей қылмыс жасауға бағытталған әрекеттер басталғанға дейін, ең болмаса орындаушылардың бірі қылмыс құрамының объективті жағын орындағанға дейін сөз байласуының болғанын анықтау қажет.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.