«Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 9 шілдедегі № 58/5-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 5/2-VII шешімі
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 11/2-VIII шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 9 шілдедегі № 58/5-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7375 болып тіркелген, 2020 жылғы 20 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
10 тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
10 тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Жеңіс күні - 9 Мамыр (негіздердің бірі бойынша):