Кондоминиумның құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 267 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 137-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кондоминиумның құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2026 жылғы 29 мамырдағы
№ 267 бұйрығымен
бекітілген
Кондоминиум құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалану жөніндегі
қағидалар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Кондоминиум құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалану жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 137-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және кондоминиумның құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалану жөніндегі тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың қолданылуы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес пайдаланылатын құрылыс объектілеріне қолданылмайды.