«Режимдік аумақтардың аймақтарын пайдалану тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 қаңтардағы № 26 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Режимдік аумақтардың аймақтарын пайдалану тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 45 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Режимдік аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Режимдік аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтарын пайдалану қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Режимдік аумақтардың аймақтарын пайдалану қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.