Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 807 Қаулысы
(2014.04.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 23 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізiлетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 30 шілдедегi
№ 807 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2014.04.09. № 970 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2010.30.09. № 992 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. «Туризм жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 44-45, 534-құжат):
Туризм жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгiзілсiн:
Есiмов - Қазақстан Республикасы
Ахметжан Смағұлұлы Премьер-Министрінің орынбасары,
төраға
Исаев - Қазақстан Республикасының
Батырхан Арысбекұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау
вице-министрi;