«Фискалдық деректер операторының тізбесіне (тізбесінен) қосу (шығару) қағидаларын, сондай-ақ әлеуетті фискалдық деректер операторына қойылатын біліктілік талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 808 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 619 бұйрығы (күші жойылды)

 «Фискалдық деректер операторының тізбесіне (тізбесінен) қосу (шығару) қағидаларын, сондай-ақ әлеуетті фискалдық деректер операторына қойылатын біліктілік талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 808 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 619 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Фискалдық деректер операторының тізбесіне (тізбесінен) қосу (шығару) қағидаларын, сондай-ақ әлеуетті фискалдық деректер операторына қойылатын біліктілік талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 808 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19180 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 171-бабының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес БҰЙЫРAМЫН:»;

Көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.