«Фискалдық деректер операторының тізбесіне (тізбесінен) қосу (шығару) қағидаларын, сондай-ақ әлеуетті фискалдық деректер операторына қойылатын біліктілік талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 808 бұйрығы (2023.14.08. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Фискалдық деректер операторының тізбесіне (тізбесінен) қосу (шығару) қағидаларын, сондай-ақ әлеуетті фискалдық деректер операторына қойылатын біліктілік талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 808 бұйрығы

(2023.14.08. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023.06.06. № 619 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 14 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 171-бабының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес БҰЙЫРAМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Фискалдық деректер операторының тізбесіне (тізбесінен) енгізу (шығару) қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Әлеуетті фискалдық деректер операторына қойылатын біліктілік талаптар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.