Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін есептеу жөніндегі әдістемелерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 371 бұйрығы
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 9 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 294-бабының 3-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңың 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) 1-қосымшаға сәйкес жанғыш газдарды жағудан болған парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі;
2) 2-қосымшаға сәйкес жылу электр станцияларының, жылу электр орталықтарының және қазандықтардан болған парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі;
3) 3-қосымшаға сәйкес мұнай және газ өндіретін қондырғылардан болған парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі;
4) 4-қосымшаға сәйкес шойын, болат және күйдіргіштерді біріктірілген өндірісі бойынша қондырғылардан болған парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі;
5) 5-қосымшаға сәйкес цемент өндіру қондырғыларынан болған парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі;
6) 6-қосымшаға сәйкес Алюминий өндіру кезіндегі парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі;
7) 7-қосымшаға сәйкес орман шаруашылығында парниктік газдар шығарындыларын сіңіруді ұлғайту және азайту жөніндегі жобаларды дайындау әдістемесі.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;