«Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін есептеу жөніндегі әдістемелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 9 бұйрығы (2024.18.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін есептеу жөніндегі әдістемелерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 9 бұйрығы

(2024.18.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 294-бабының 3-тармағына сәйкес және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мына:

1) 1-қосымшаға сәйкес Жанғыш газдарды жағудан болған парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі;

2) 2-қосымшаға сәйкес Жылу электр станцияларының, жылу электр орталықтарының және қазандықтардан болған парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі;

3) 3-қосымшаға сәйкес Мұнай және газ өндіру жөніндегі парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі;

4) 4-қосымшаға сәйкес Шойын, болат және күйдіргіштерді біріктірілген өндіру жөніндегі парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі;

5) 5-қосымшаға сәйкес Цемент және әк өндіру жөніндегі парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі;

6) 6-қосымшаға сәйкес Алюминий, ферроқорытпа, қорғасын және мырыш өндіру жөніндегі парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі;

7) 7-қосымшаға сәйкес Орман шаруашылығында жөніндегі парниктік газдар сіңірулерін есептеу әдістемесі;

8) 8-қосымшаға сәйкес Көмір өндіру жөніндегі парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі;

9) 9-қосымшаға сәйкес Химия өнеркәсібі өндіру жөніндегі парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі;

10) 10-қосымшаға сәйкес Шыны, керамика және минералды материалдарды өндіру жөніндегі парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі бекітілсін.

2. «Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін есептеу жөніндегі әдістемелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 371 (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2021 жылғы 16 қыркүйекте № 24383 болып тіркелді) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.