(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҮГІТТІК БАСПА МАТЕРИАЛДАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ ҮШІН ОРЫНДА...

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № А-7/194 Қаулысы

 

Осы редакция 2022 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бап 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бап 2-тармағына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

2. Ақкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 наурыздағы № А-3/67 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7107 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақкөл ауданының әкімі

А. Каиржанов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Ақкөл аудандық аумақтық сайлау

комиссиясымен

 

Ақкөл ауданы әкімдігінің

2021 жылғы 7 шілдедегі

№ А-7/194 қаулысына

қосымша

 

 

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

 

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Ақкөл қаласы

Луганская көшесі, 6, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Ақкөл қаласының агротехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд.

Мир көшесі, 10, «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Кеңес Одағының Батыры Петр Михайлович Исаков атындағы № 1 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.