«Орал қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Орал қаласы әкімінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 34 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 16 шешімі

«Орал қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Орал қаласы әкімінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 34 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 16 шешімі

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес және Орал қалалық (аумақтық) сайлау комиссиясының келісімі бойынша, қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Орал қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Орал қаласы әкімінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 34 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5458 тіркелген, 2019 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған шешімнің қосымшасымен құрылған Орал қаласы аумағындағы сайлау учаскелерінің тізіміндегі:

№ 216 сайлау учаскесі мынадай редакцияда жазылсын:

«6. № 216 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Зачаган кенті, Жәңгір хан көшесі, 160/3 үй, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша мамандандырылған бөлімі.

Шекарасы: Сарыарқа көшесінің бойымен Жайық өзені көпірінен бастап, «Зачаганский» баугерлік серіктестігінің шығыс шекарасына дейін, «Зачаганский» баугерлік серіктестігінің шығыс шекарасы бойындағы Жайық өзенінің көпіріне жететін жолға дейін, Жәңгір хан көшесі бойымен.»;

№ 268 сайлау учаскесі мынадай редакцияда жазылсын:

«8. № 268 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 173 үй, Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.