«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңы (2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңы

(2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда және кiрiспе алынып тасталды

 

2007.19.06 № 268-III ҚР Конституциялық Заңымен Конституциялық заңның бүкіл мәтіні бойынша, 14-тарауды қоспағанда, »«жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің», «жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін», «жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше», «жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне», «жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне», «жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне», «жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін», «жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері», «жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне», «жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесінің», «жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесін», «жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесі» деген сөздер тиісінше «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесінің», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесін», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесі» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара);

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен бүкіл мәтін бойынша:

«Парламенті Сенатының және Мәжілісінің», «Парламент Мәжілісі мен», «Парламенті Мәжілісінің және», «Парламентінің және мәслихаттарының», «Парламент депутаттарын», «Парламенттің депутаттарын», «Парламент депутаттарының», «Қазақстан Республикасы Парламенті», «Парламент және мәслихаттар», «Парламент, мәслихаттар», «Парламенттің және мәслихаттардың», «Парламент Мәжілісінің және», «Парламент Мәжілісінің», «Парламент Мәжілісі депутаттарының», «Парламент депутаты», «Парламенттің, мәслихаттардың», «Мәжілістің депутаттарын», «Парламент, мәслихат», «Республика Парламенті депутаттарын», «Парламент депутаттығына», «Мәжіліс Төрағасының», «Парламент депутаттары», «Республика Парламенті Мәжілісінің», «Мәжіліс депутаттары», «Парламент немесе Парламент Мәжілісі», «Парламенттің немесе Парламент Мәжілісінің», «Парламентті немесе Парламент Мәжілісін», «Мәжіліс депутаттығына», «Парламент Мәжілісінің депутаттығына», «Парламент Мәжілісі депутаттарын», «Мәжіліс депутаттарының», «Мәжіліс депутаттарын», «Мәжіліс депутаттары», «Парламент Мәжілісінің депутатын» деген сөздер тиісінше «Құрылтайының», «Құрылтай мен», «Құрылтайы мен», «Құрылтайы мен мәслихаттарының», «Құрылтай депутаттарын», «Құрылтай депутаттарын», «Құрылтай депутаттарының», «Қазақстан Республикасының Құрылтайы», «Құрылтай мен мәслихаттар», «Құрылтай, мәслихаттар», «Құрылтай мен мәслихаттардың», «Құрылтай мен», «Құрылтайдың», «Құрылтай депутаттарының», «Құрылтай депутаты», «Құрылтайдың, мәслихаттардың», «Құрылтай депутаттарын», «Құрылтай, мәслихат», «Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын», «Құрылтай депутаттығына», «Құрылтай Төрағасының», «Құрылтай депутаттары», «Қазақстан Республикасы Құрылтайының», «Құрылтай депутаттары», «Құрылтай», «Құрылтайдың», «Құрылтайды», «Құрылтай депутаттығына», «Құрылтай депутаттығына», «Құрылтай депутаттарын», «Құрылтай депутаттарының», «Құрылтай депутаттарын», «Құрылтай депутаттары», «Құрылтай депутатын» деген сөздермен ауыстырылды, «Республика азаматтарының», «Республикадағы», «Республика азаматының», «Республика Президентін», «Республиканың», «Республика аумағында», «Республика сайлау комиссияларының», «Республика Үкіметіне», «Республика Президенттігіне», «Республика бойынша», «Республика астанасы», «Республика заңдарына», «Республика Президенті», «Республика Сыртқы», «Республика азаматтары», «республикадағы», «Республика Президентінің», «Республика Конституциялық Кеңесінің», «Республика Президентіне», «Республика астанасының», «Республика Конституциялық Сотының», «Республика Премьер-Министрінің», «Республиканы», «Республика мәслихаттары», «Республика Конституциясында» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасы азаматтарының», «Қазақстан Республикасындағы», «Қазақстан Республикасы азаматының», «Қазақстан Республикасының Президентін», «Қазақстан Республикасының», «Қазақстан Республикасының аумағында», «Қазақстан Республикасы сайлау комиссияларының», «Қазақстан Республикасының Үкіметіне», «Қазақстан Республикасының Президенттігіне», «Қазақстан Республикасы бойынша», «Қазақстан Республикасының астанасы», «Қазақстан Республикасының заңдарына», «Қазақстан Республикасының Президенті», «Қазақстан Республикасының Сыртқы», «Қазақстан Республикасының азаматтары», «Қазақстан Республикасындағы», «Қазақстан Республикасы Президентінің», «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің», «Қазақстан Республикасының Президентіне», «Қазақстан Республикасы астанасының», «Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының», «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің», «Қазақстан Республикасын», «Қазақстан Республикасының мәслихаттары», «Қазақстан Республикасының Конституциясында» деген сөздермен ауыстырылды, «таңдаушылар», «(таңдаушылардың)», «(таңдаушылар)», «таңдаушылардың», «таңдаушы», «(таңдаушы)», «(таңдаушыларға)», «(таңдаушылармен)», «(таңдаушының)» деген сөздер алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

 

I. Жалпы бөлiм

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Конституциялық заң реттейтiн қатынастар

2-бап. Сайлау бостандығы

3-бап. Сайлау құқығы принциптерi

4-бап. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы

5-бап. Тең сайлау құқығы

6-бап. Төте сайлау құқығы

7-бап. Алып тасталды

8-бап. Жасырын дауыс беру

9-бап. Сайлау жүйелерi

2-тарау. Сайлау органдары

10-бап. Сайлау органдары, олардың жүйесi мен өкiлеттiктерiнiң мерзiмi

11-бап. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы

12-бап. Қазақстан Республикасының орталық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi

13-бап. Аумақтық сайлау комиссиялары

14-бап. Аумақтық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi

15-бап. Алып тасталды

15-1-бап. Округтік сайлау комиссиялары

16-бап. Алып тасталды

16-1-бап. Округтік сайлау комиссиясының өкілеттіктері

17-бап. Учаскелік сайлау комиссиялары

18-бап. Учаскелiк сайлау комиссияларының өкiлеттiктерi

19-бап. Сайлау комиссиясы мүшесiнiң мәртебесi

20-бап. Сайлау комиссияларының қызмeтін ұйымдастыру және олардың әрекеттеріне шағым жасау. Сайлау комиссияларының қызметіндегі жариялылық

20-1-бап. Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары

20-2-бап. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері

3-тарау. Сайлау округтерi мен учаскелерi

21-бап. Сайлау округтерi мен олардың жүйесi

22-бап. Сайлау округтерiн құру және олардың шекараларын қайта қарау

23-бап. Сайлау учаскелерiн құру

4-тарау. Сайлаушылар тiзiмi

24-бап. Сайлаушылар тiзiмдерi және оларды жасау тәртібі

25-бап. Сайлаушылардың тiзiмiне енгізу

26-бап. Сайлаушылардың тізімдерімен таныстыру

26-1-бап. Сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімін қалыптастыру

5-тарау. Сайлау алдындағы үгiт

27-бап. Сайлау алдындағы үгiт

28-бап. Сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығы

29-бап. Кандидаттың, саяси партияның сайлау алдындағы бағдарламасы

30-бап. Алып тасталды

31-бап. Сенім бiлдiрген адамдар

32-бап. Сайлау алдындағы үгiттi тоқтату

6-тарау. Сайлауды қаржыландыру

33-бап. Сайлауды мемлекеттік қаржыландыру

34-бап. Сайлауды мемлекеттік емес қаржыландыру

35-бап. Сайлау шараларын сайлау комиссияларының қаржыландыруы

36-бап. Сайлау науқанын өткізуге бөлiнген қаражаттың жұмсалуын бақылау

7-тарау. Дауыс беру тәртібі

37-бап. Сайлау бюллетенi

38-бап. Дауыс беру уақыты мен орны

39-бап. Дауыс беруге арналған үй-жай

40-бап. Дауыс берудi ашу

41-бап. Дауыс берудi ұйымдастыру

42-бап. Дауыс берудi өткізу

8-тарау. Дауыс беру қорытындыларын анықтау

43-бап. Сайлау учаскесіндегі (дауыс беру пунктіндегі) дауыстарды санау

44-бап. Сайлау қорытындыларын анықтау және жариялау

45-бап. Президентті, Құрылтай, мәслихаттар депутаттарын, әкімді және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін тіркеу

46-бап. Президенттің, Құрылтай, мәслихаттар депутатының куәлігі мен төсбелгісі, әкімнің және өзге де жергілікті өзі-өзі басқару органы мүшесінің куәлігі

9-тарау. Сайлау бостандығының кепiлдiктерi

47-бап. Кандидаттар қызметiнiң сайлау науқаны барысындағы кепiлдiктерi

48-бап. Мемлекеттік органдардың сайлау бостандығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметi

49-бап. Сайлау науқаны барысындағы шешiмдер мен iс-әрекеттерге шағым беру және олардың күшiн жою

50-бап. Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық

9-1-тарау. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып сайлау өткізудiң ерекшелiктерi

50-1-бап. Электрондық сайлау жүйесi

50-2-бап. Электрондық сайлау жүйесіне қойылатын талаптар

50-3-бап. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жай

50-4-бап. Электрондық сайлау бюллетенi

50-5-бап. Электрондық дауыс берудi ұйымдастыру

50-6-бап. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланған кезде дауыстарды санау

50-7-бап. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланған кезде сайлау қорытындыларын белгiлеу

50-8-бап. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып дауыс беру нәтижелерiне шағымдану

50-9-бап. Дауыс беру туралы деректердi жазуға арналған құрылғыларды сақтау

 

II. ЕРЕКШЕ БӨЛIМ

 

10-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы

51-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы

51-1-бап. Алып тасталды

52-бап. Алып тасталды

53-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын жариялау

54-бап. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатқа қойылатын талаптар

55-бап. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар ұсыну

56-бап. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қол жинау

57-бап. Алып тасталды

58-бап. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың сайлау қорының мөлшерi

59-бап. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тiркеу

60-бап. Кандидатурасын алып тастау, кандидат ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою

61-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып қалғандардың орнына Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар ұсыну

62-бап. Қазақстан Республикасының Президентiн сайлау кезіндегі дауыстарды санау

63-бап. Қайта дауыс беру

64-бап. Қайта сайлау

65-бап. Республика Президентi сайлауының қорытындыларын анықтау және жариялау

66-бап. Сайланған Республика Президентiн тiркеу

66-1-бап. Алып тасталды

67-бап. Алып тасталды

68-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Республика Президентi сайлауын өткізудiң дұрыстығы жөніндегі мәселенi қарауы

11-тарау. Алып тасталды

12-тарау. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау

85-бап. Құрылтай депутаттарын сайлауын тағайындау

86-бап. Құрылтай депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптар

87-бап. Құрылтай депутаттығына кандидаттар ұсыну

88-бап. Сайлау жарнасы

89-бап. Құрылтай депутаттығына кандидаттарды тіркеу

90-бап. Кандидатураны алып тастау, Құрылтай депутаттығына кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күшін жою

91-бап. Алып тасталды

92-бап. Алып тасталды

92-1-бап. Саяси партияның сайлау қорының мөлшерi

93-бап. Алып тасталды

93-1-бап. Алып тасталды

93-2-бап. Алып тасталды

94-бап. Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыстарды санау

94-1-бап. Алып тасталды

95-бап. Құрылтай депутаттарының сайлауы кезінде қайта дауыс беру

96-бап. Құрылтай депутаттарын қайта сайлау

97-бап. Құрылтай депутаттары сайлауының нәтижелерiн анықтау және жариялау

97-1-бап. Депутаттық мандаттарды партиялық тізімдер бойынша дауыс берудің қорытындыларына қарай бөлу

98-бап. Құрылтай депутаттарын тіркеу

99-бап. Құрылтай депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу

100-бап. Конституциялық Соттың Құрылтай депутаттары сайлауын өткізудiң дұрыстығы туралы мәселенi қарауы

13-тарау. Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының сайлауы

101-бап. Мәслихаттар депутаттары сайлауын тағайындау

102-бап. Мәслихаттар депутаттарына қойылатын талаптар

103-бап. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну

104-бап. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тiркеу

105-бап. Кандидатураны алып тастау, мәслихат депутат тығына кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күшін жою

106-бап. Саяси партияның, мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау қорының мөлшері

107-бап. Тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін, кандидаттарды ұсыну

108-бап. Мәслихат депутатын сайлау кезінде дауыстарды санау

109-бап. Алып тасталды

109-1-бап. Мәслихат депутатын сайлау кезiнде қайта дауыс беру

110-бап. Мәслихаттар депутаттарын қайта сайлау

111-бап. Мәслихаттар депутаттары сайлауының қорытындыларын анықтау және жариялау

111-1-бап. Партиялық тізімдер бойынша дауыс беру қорытындылары бойынша депутаттық мандаттарды бөлу

112-бап. Мәслихаттар депутаттарын тіркеу

113-бап. Мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауды және шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауды өткізу

13-1-тарау. Әкімді сайлау

113-1-бап. Әкім сайлауды тағайындау

113-2-бап. Әкімге қойылатын талаптар

113-3-бап. Әкім болуға кандидатты ұсыну

113-4-бап. Әкім болуға кандидатты қолдап қол жинау

113-5-бап. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу

113-6-бап. Әкім болуға кандидатураны алып тастау, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күшін жою

113-7-бап. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін ұсыну

113-8-бап. Әкімді сайлау кезінде дауыстарды санау

113-9-бап. Әкімді сайлау кезінде қайта дауыс беру, әкімді қайта сайлау

113-10-бап. Әкімді сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау

113-11-бап. Әкімді тіркеу

13-2-тарау. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған мәслихаттардың депутаттарын кері шақырып алу

113-12-бап. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған мәслихат депутатын кері шақырып алуға бастама жасау

113-13-бап. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған мәслихат депутатын кері шақырып алуға бастама жасау және бастамашы топты қалыптастыру тәртібі

113-14-бап. Қол жинау тәртібі мен мерзімдері

113-15-бап. Дауыс беруді өткізу тәртібі мен мерзімдері

113-16-бап. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған мәслихат депутатын кері шақырып алу бойынша дауыс беру тәртібі

14-тарау. Қазақстан Республикасының өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлау

114-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлау тағайындау

115-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiне қойылатын талаптар

116-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезіндегі сайлау округтерi мен сайлау комиссиялары

117-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсыну

118-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттарды тiркеу

119-бап. Кандидатурасын алып тастау, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы мүшелiгiне кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою

120-бап. Алып тасталды

121-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсыну

122-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшесiн сайлау кезiнде берiлген дауыстарды санау

123-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн қосымша сайлау

124-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн қайта сайлау

125-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау қорытындыларын анықтау және жариялау

126-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн тiркеу

127-бап. Шығып қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын өткізу

15-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер

128-бап. Алып тасталды

129-бап. Алып тасталды

130-бап. Алып тасталды

130-1-бап. Мәслихаттар депутаттарын сайлау мерзімдері Мәслихаттардың депутаттарын пропорционалды сайлау жүйесі негізінде сайлау осы Конституциялық заңда көзделген негіздер басталған кезде, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жүргізілетін болады.

131-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау мерзiмi

132-бап. Алып тасталды

133-бап. Осы Конституциялық заңның күшiне енуi және қолданылуы

 

 

I. Жалпы бөлiм

1-тарау. Жалпы ережелер

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен; 2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1-бап өзгертілді (2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Конституциялық заңмен реттелетін қатынастар

Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Құрылтайы Сенатының және Мәжiлiсiнің, мәслихаттардың депутаттарын, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауға дайындық және оны өткiзу кезінде, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Құрылтай мен мәслихаттардың депутаттарын кері шақырып алу кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiк бiлдiру бостандығын қамтамасыз ететiн кепiлдiктердi белгiлейдi.

 

2-бап. Сайлау бостандығы

Қазақстан Республикасындағы сайлау Қазақстан Республикасы азаматының сайлау және сайлану құқығын еркiн жүзеге асыруына негiзделедi.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 3-бап өзгертілді

3-бап. Сайлау құқығы принциптерi

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Қазақстан Республикасының Президентiн, Парламентi Мәжілісiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін (бұдан әрі осы Конституциялық заңның мәтіні бойынша - әкімдерді), өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.

2. 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4. Сайлауға дайындық және оны өткізу кезінде шетелдің араласуына жол берілмейді.

 

ҚР 08.05.98 ж. № 222-I Конституциялық Заңымен; 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен; 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 4-бап өзгертілді

4-бап. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы

1. Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы - Қазақстан Республикасының он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауға дауыс беруге қатысу құқығы.

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Президент, Құрылтай, мәслихат депутаты, әкім немесе өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшесі болып сайлану құқығы.

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Сайлауға сот әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Мыналар:

1) сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған;

2) сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының, мәслихаттардың депутаттығына, әкім болуға кандидат, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болуға кандидат бола алмайды.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 5-бап өзгертілді

5-бап. Тең сайлау құқығы

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Сайлаушылар Президентті, Құрылтай мен мәслихаттардың депутаттарын сайлауға, сондай-ақ әкімдерді сайлауға тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының бір сайлау бюллетеніне тиісінше бір дауысы болады.

2. Сайлаушылар Қазақстан Республикасының өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады.

3. Кандидаттардың сайлауға тең құқықтармен және шарттармен қатысуына кепiлдiк берiледi.

 

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді

6-бап. Төте сайлау құқығы

Қазақстан Республикасының Президентiн, Парламентi Мәжілісiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, әкімдерді, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн азаматтар тiкелей сайлайды.

 

7-бап. 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді

8-бап. Жасырын дауыс беру

Қазақстан Республикасының Президентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, әкімді, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауда жасырын дауыс берiледi әрi сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасау мүмкiндiгiне жол берiлмейдi.

 

ҚР 06.11.98 ж. № 285-I; 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) (қолданысқа енетін мерзімін қара) Конституциялық Заңдарымен 9-бап өзгертілді; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9-бап. Сайлау жүйелері

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Президентті сайлау кезінде мынадай:

дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының елу пайызынан астамын жинаған;

қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатпен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн жинаған кандидат сайланды деп есептеледі.

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Құрылтай депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорциялы өкілдік жүйе негізінде сайланады.

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады: біртұтас аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік ету жүйесі бойынша - депутаттардың жартысы, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша екінші жартысы сайланады.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттарын сайлау кезінде, егер дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшілігі басқа кандидаттарға қарағанда оның кандидатурасын жақтап дауыс берсе, кандидат сайланды деп есептеледі.

Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары депутаттары мандаттарының саны тақ болған жағдайда, жартысынан асатын мандат бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланады.

4. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.