«I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 356 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 13 тамыздағы № 163 бұйрығы

 «I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 356 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 13 тамыздағы № 163 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 356 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24257 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесінде:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қаржылық қамтамасыз ету мөлшері таратудың есептік құнын негізге ала отырып айқындалады және әрбір жеті жыл сайын қайта есептеледі.

I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету мөлшерін айқындау екі кезеңде жүзеге асырылады:

1) жою жөніндегі негізгі жұмыстарды айқындау;

2) қаржылық қамтамасыз ету мөлшерін есептеу.

I санаттағы қолданыстағы объектілерді пайдалану салдарын жою жөніндегі жұмыстардың құнына Қоршаған ортаның компоненттеріне ықтимал теріс әсер ететін құрылыстар мен объектілерді жою жөніндегі негізгі жұмыстардың тізбесіне сәйкес пайдалану аяқталғаннан кейін қоршаған ортаның құрамдас бөліктеріне ықтимал теріс әсер ететін жабдықтарды залалсыздандыруға, бөлшектеуге және құрылысжайларды бұзуға арналған шығыстар енгізілуге тиіс.

Қоршаған ортаның компоненттеріне ықтимал теріс әсер ететін құрылыстар мен объектілерді жою жөніндегі негізгі жұмыстардың тізбесін осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес I санаттағы объектінің операторы айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.