уақтылы төлем жасамағаны үшін есепке жазылған өсімпұлдарды;
бюджетке енгізуге жататын айыппұлдарды төлеу шотына аудару үшін қолма-қол ақшаны төлеу жəне банк ұйымдарына тапсыру жөніндегі операцияларға қолданылмайды;
2) өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу, алимент, жалақы, зейнетақы, жəрдемақы өндіріп алу, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен жұмыстан шығу жəрдемақысын жəне еңбекақыны төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақы төлеу, əлеуметтік төлемдерді аудару, мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша, сондай-ақ салықтық берешекті, əлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өтеу бойынша ақшаны алып қоюға;
3) банк ұйымына қатысты касса бойынша операцияларды тоқтата тұру туралы өкім шығарылған кезде банк ұйымының клиенттердің қолма-қол ақшасын беруі жөніндегі операцияларға қолданылмайды.
1) банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім банк ұйымы алған күннен бастап күшіне енеді жəне сөзсіз орындалуға тиіс;
2) касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім салық төлеуші (салық агенті) келіп түскен қолма-қол ақшаны олар түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетке аудару арқылы сөзсіз орындалуға тиіс.
6. Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын Ұлттық Банкпен келісу бойынша уəкілетті орган белгілейді.
7. Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді шығарған салық органы шығыс операцияларын тоқтата тұру себептері жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей оның күшін жояды.
87-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеуді салық органы мынадай:
1) салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешектің шекті мөлшерінен асатын сомадағы салықтық берешекті өтемеген жағдайда - салықтық берешек сомасы шегінде;
2) деңгейлес мониторингке қатысушыны қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нəтижелері туралы хабарламаға шағым жасаған жағдайда - салықтық тексеру нəтижелері туралы хабарламаларда көрсетілген шағымданатын сома шегінде жүргізеді.
Билік ету шектелген мүліктің тізімдемесін жасау салық төлеушінің (салық агентінің) қатысуымен жүргізіледі.
Салық төлеуші (салық агенті) салықтық зерттеп-қарау актісімен расталған тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жерінде болмаған жағдайда, билік ету шектелген мүліктің тізімдемесін жасау салық төлеушінің (салық агентінің) қатысуынсыз жүргізіледі.
тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне;
электр, жылу жəне өзге де энергия түрлеріне;
сақтау жəне (немесе) жарамдылық мерзімі бір жылдан аспайтын тамақ өнімдеріне немесе шикізатқа билік ету шектелуге жатпайды.
3. Лизинг жəне (немесе) кепіл шартының қолданылуы тоқтатылғанға дейін қаржы лизингіне берілген (алынған) не кепілге берілген салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкі алып қоюға жатпайды.
Жалғыз тұрғынжай заңды күшіне енген сот актісінің негізінде ғана алып қойылуға жатады.
4. Салық органы мүлікке билік етуді шектеген күннен бастап жəне оның күші жойылғанға дейін салық төлеушіге (салық агентіне) шарт талаптарын өзгертуге (шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға, сублизингке жəне (немесе) қайта кепілге қоюға) тыйым салынады.
1) салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешек сомасын төлеу арқылы өтеген;
2) уəкілетті органның шешімімен немесе заңды күшіне енген сот актісімен салықтық тексеру нəтижелері туралы хабарламаның күші жойылған;
3) тіркеуші орган мемлекеттің меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті мемлекеттік тіркеу үшін өтініш жасаған;
4) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уəкілетті орган мемлекеттік меншікке қабылдау туралы шешім қабылдаған жағдайларда мүлікке билік етуді шектеудің күшін жояды.
6. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне билік етуді шектеу туралы шешім, билік ету шектелген мүлікті тізімдеу актісі, мүлікке билік етуді шектеуді жою туралы шешім тіркеуші органға жіберіледі жəне салық төлеушіге (салық агентіне) ұсынылады.
88-бап. Электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұру
1. Электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұруды салық органы:
1) салық органы тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау жəне қызметтерді көрсету бойынша айналымның нақты жасалғанын растау туралы хабарламаны орындамаған немесе орындалмаған деп тану туралы шешім шығарған;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) тұрған жерін растау туралы хабарлама орындалмаған;
3) алдыңғы алты ай ішінде қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті өз бетінше ұсынбаған қосылған құн салығын төлеушінің мұндай салықтық есептілікті ұсыну мерзімі өткен;
4) қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті ұсыну қайта басталған күнге дейін осындай салықтық есептілікті табыс етуді осындай салықты төлеуші тоқтата тұрған;
5) дара кəсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеуді жарамсыз деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енген;
6) заңды тұлғаны қайта тіркеуді жарамсыз деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енген;
7) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кəсіпкер болып табылатын жеке тұлғаны əрекетке қабілетсіз немесе əрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енген;
8) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кəсіпкер болып табылатын жеке тұлғаны хабарсыз кеткен деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енген;
9) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кəсіпкер болып табылатын жеке тұлғаның қайтыс болғаны немесе қайтыс болды деп танылғаны туралы нөмірлер тізілімінен мəліметтер келіп түскен;
10) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) немесе дара кəсіпкер болып табылатын жеке тұлға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216, 238 немесе 245-баптары бойынша осы заңды тұлғаның немесе дара кəсіпкердің қызметі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінəлі деп танылған сот актісі заңды күшіне енген;
11) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кəсіпкер болып табылатын жеке тұлғаны іздестіру туралы қаулы шығарылған;
12) болу мақсаты Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруға байланысты емес екендігі не заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) немесе дара кəсіпкер болып табылатын шетелдік жеке тұлғаның немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағында болуының рұқсат етілген мерзімінің өткені туралы мəліметтер келіп түскен;
13) дара кəсіпкер əрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізілген;
14) бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) қосылған құн салығын төлеуші-заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын салық төлеуші əрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізілген;
15) салық төлеуші камералдық бақылау нəтижелері бойынша болжамды алшақтықтар туралы хабарламаны орындамаған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
1) осы баптың 1-тармағының 1) - 4) жəне 12) - 14) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда осындай тоқтата тұру себептері жойылған;
2) осы баптың 1-тармағының 7) - 12) тармақшаларында көзделген шарттарға сəйкестігі тоқтатылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін тоқтата тұрудың күшін жояды.
3. Электрондық шот-фактуралар жазып беруді тоқтата тұру жəне тоқтата тұрудың күшін жою туралы шешімдерді салық органы электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде қабылдау үшін негіздер туындаған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Электрондық шот-фактуралар жазып беруді тоқтата тұру жəне тоқтата тұрудың күшін жою туралы шешімдер қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде салық төлеушіге ұсынылады.
4. Электрондық шот-фактураларды жазып беру тоқтатыла тұрған салық төлеушілер туралы мəліметтер уəкілетті органның интернет-ресурсында электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін тоқтата тұру туралы шешім шығарылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде орналастырылады.
Осы мəліметтер электрондық шот-фактуралар жазып беруді тоқтата тұру туралы шешімнің күші жойылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уəкілетті органның интернет-ресурсынан алып тасталуға жатады.
89-бап. Интернет-ресурстарға жəне (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеу
1. Интернет-ресурстарға жəне (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеу салық органының интернет-ресурстарға жəне (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеу туралы шешімі негізінде жүргізіледі.
2. Салық органы интернет-ресурстарға жəне (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеу туралы шешімді қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компания:
1) салық органында тіркеу есебіне қою туралы хабарламаның орындалу мерзімі өткен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хабарламаны;
2) камералдық бақылау нəтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хабарламаны орындамаған жағдайларда шығарады.
3. Салық органы осындай шешім шығарылған күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде интернет-ресурстарға жəне (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеу туралы шешімді масс-медиа саласындағы уəкілетті органға ұсынады.
4. Масс-медиа саласындағы уəкілетті орган интернет-ресурстарға жəне (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеу туралы шешім келіп түскен күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде мұндай қолжетімділікті шектеу бойынша шаралар қабылдайды.
5. Интернет-ресурстарға жəне (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеу қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компания осындай шектеуге негіз болған себептерді жойған кезде жойылады.
1) осындай шектеудің себептері жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде интернет-ресурстарға жəне (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеуді алып тастау туралы шешім шығарады;
2) интернет-ресурстарға жəне (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеуді алып тастау туралы шешімді масс-медиа саласындағы уəкілетті органға осындай шешім шығарылған күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде ұсынады.
7. Масс-медиа саласындағы уəкілетті орган интернет-ресурстарға жəне (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеуді алып тастау туралы шешім түскен күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде осындай шектеуді алып тастау бойынша шаралар қабылдайды.
3-БӨЛІМ. САЛЫҚТЫҚ ƏКІМШІЛЕНДІРУ
6-тарау. САЛЫҚТЫҚ ƏКІМШІЛЕНДІРУ
90-бап. Салықтық əкімшілендіру ұғымы жəне оның түрлері
1. Салықтық əкімшілендіру - сақталуын бақылау салық органдарына жүктелген, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының жəне Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге жəне салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу үшін жағдай жасауға бағытталған салық органының жəне өзге уəкілетті мемлекеттік органдардың іс-шаралар кешені.
Салықтық əкімшілендіру салықтық тəуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып та жүзеге асырылады.
2. Салықтық əкімшілендіру сервистік рəсімдерді құру жəне салықтық тəуекелді барынша азайту жəне салықтық берешекті мəжбүрлеп өндіріп алу жөніндегі бақылау шараларын қолданғанға дейін салықтық тəуекелді барынша азайту жөніндегі алдын алу шараларын қолдану қағидаттарына негізделеді.
Осы Кодекстің мақсаттарында сервистік рəсімдер деп салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық нысандарды ұсыну, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу, тіркеу есебіне қою мерзімдерінің басталғаны жəне (немесе) өзге де салықтық міндеттемелерді орындау қажеттілігі туралы хабархат жіберу жəне (немесе) хабардар ету, оның ішінде ақпараттандыру объектілері арқылы хабархат жіберу жəне (немесе) хабардар ету түсініледі.
3. Салықтық əкімшілендіру мыналарды қамтиды:
2) бақылау-касса машиналарын қолдану;
3) салықтық нысандарды қабылдау;
4) салықтық міндеттеменің, əлеуметтік төлемдерді, айыппұлдар мен өсімпұлдарды аудару жөніндегі міндеттің орындалуын есепке алу;
5) салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту;
6) қамтамасыз ету тəсілдерін қолдану;
8) электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін бақылау;
11) бақылаудың өзге де нысандары;
12) салықтық берешекті мəжбүрлеп өндіріп алу.
4. Кеден органдары өз құзыреті шегінде осы Кодекске, ЕАЭО-ның кеден заңнамасына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сəйкес ЕАЭО-ның кедендік шекарасы арқылы тауарлардың өткізілуіне байланысты салықтық бақылауды жүзеге асырады, төленуге тиіс салықтар бойынша қамтамасыз ету тəсілдерін жəне мəжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.
91-бап. Төтенше жағдай енгізу жəне төтенше ахуал кезеңіндегі салықтық əкімшілендірудің ерекшеліктері
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес төтенше жағдай енгізілген немесе төтенше ахуал жарияланған кезеңде салықтық əкімшілендіру осы бапта көзделген ерекшеліктермен жүзеге асырылады.
2. Енгізілген төтенше жағдай жəне (немесе) жарияланған төтенше ахуал кезеңінде, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген немесе төтенше ахуал жарияланған жерде орналасқан жəне (немесе) оларды енгізуге негіз болған мəн-жайлардың салдарынан зардап шеккен салық төлеушіге салықтарды жəне (немесе) төлемдерді төлеу бойынша берілген кейінге қалдырудың (бөліп төлеудің) қолданылу кезеңінде өсімпұлдар есептелмейді.
3. Салық органы төтенше жағдай енгізуге немесе төтенше ахуал жариялауға негіз болған мəн-жайлардың салдарынан зардап шеккен салық төлеушілерге қатысты шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күшін жергілікті атқарушы органдардан осындай салық төлеушілердің тізбесін алған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.
1) осы Кодекстің 82 жəне 83-баптарында көзделген қамтамасыз ету тəсілдерін қолдану, сондай-ақ хабарламаларды орындау мерзімдері;
2) салықтық есептілікті ұсыну;
3) салықтық тексеруді жүргізу мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген əрекеттерді тоқтата тұру:
1) төтенше жағдай енгізілген немесе төтенше ахуал жарияланған жерде орналасқан салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты - олар қолданылатын кезеңге;
2) төтенше жағдайды енгізуге немесе төтенше ахуалды жариялауға негіз болған мəн-жайлардың салдарынан зардап шеккен адамға қатысты - олардың қолданылу кезеңі аяқталған күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.
5. Жергілікті атқарушы орган ұсынған осы баптың 4-тармағының екінші бөлігінде айқындалған салық төлеушілердің тізбесі осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген əрекеттерді тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
Салықтық есептілікті ұсынуды, салықтық тексеру жүргізу мерзімінің өтуін тоқтата тұру (немесе) қайта бастау туралы мəліметтер жергілікті атқарушы орган осы баптың 4-тармағының екінші бөлігінде айқындалған салық төлеушілердің тізбесін ұсынған күннен кешіктірілмей уəкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
6. Салық органы осы баптың 4-тармағының екінші бөлігінде айқындалған салық төлеушілерге қатысты жəне кезеңдерге салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есепке жазу жəне (немесе) олардың есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарау бөлігінде талап қоюдың ескіру мерзімін тоқтата тұрады.
92-бап 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
92-бап. Салықтық əкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобалар
1. Салықтық əкімшілендіруді жетілдіру мақсатында салық органдары салықтық əкімшілендірудің жəне салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауының, оның ішінде салық агентінің функцияларын жүктей отырып, өзге де тəртібін көздейтін пилоттық жобаны іске асыруды жүзеге асыруға құқылы.
Пилоттық жобаны іске асыру кезінде салық органы өзге де уəкілетті мемлекеттік органдармен жəне ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын уəкілетті орган айқындайды.
Пилоттық жобаны іске асыру қағидалары:
1) пилоттық жобаның мақсаттары мен міндеттерін;
2) пилоттық жобаны іске асыру тəртібін;
3) пилоттық жобаны іске асыру мерзімін;
4) пилоттық жоба қолданылатын салық төлеушілердің (салық агенттерінің) санаттарын;
5) пилоттық жобаны қолдану аумағын (учаскесін) қамтуға тиіс.
Пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын салық органдары, пилоттық жобаға қатысушылар, уəкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар орындауға тиіс.
Пилоттық жобаны іске асыру кезеңінде пилоттық жобаға қатысушылар пилоттық жобаны іске асыру қағидаларында айқындалған тəртіппен осы Кодексте белгіленген салықтық міндеттемелерге ұқсас міндеттемелерді орындайды.
2. Пилоттық жоба салықтық əкімшілендіруді жетілдіру жəне салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындау қажеттілігінің тиісті негіздемесі бар Қазақстан Республикасының заңнамасын талдау қорытындылары бойынша іске асырылады.
Талдау уəкілетті органның интернет-ресурсында жариялануға тиіс.
3. Пилоттық жобаны іске асыру туралы шешім мынадай:
1) салықтық əкімшілендіруді жаңғырту мен жетілдіру салықтық міндеттемелердің орындалуын жеңілдету, заңсыз экономикалық қызметтің жəне салық төлеуден жалтару схемаларының жолын кесу, сондай-ақ адал салық төлеушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылатыны түсінілетін негізділік;
2) енгізілетін пилоттық жоба туралы ақпараттың қолжетімділігі, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында салық құпиясына қатысты белгіленген шектеулерді ескере отырып, оны енгізу уəждерінің айқындығы түсінілетін ашықтық;
3) салық төлеушілердің енгізілетін пилоттық жобаның шарттарын орындау мүмкіндігі түсінілетін орындалу;
4) пилоттық жобаның əсер ету деңгейінің қолайсыз оқиғалардың туындау тəуекелі дəрежесіне сəйкестігі түсінілетін мөлшерлестік пен ұтымдылық шарттары бір мезгілде сақталған кезде қабылданады.
4. Пилоттық жобаның басталу күні жəне пилоттық жоба қолданылатын салық төлеушілердің санаттары басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын масс-медиада жариялануға тиіс.
5. Салық төлеушінің пилоттық жобаға қатысуы, егер пилоттық жобаларды іске асыру қағидалары:
1) салық төлеуші үшін осындай пилоттық жобаны іске асыруға, атап айтқанда материалдық-техникалық құралдарды, бағдарламалық қамтылымды жəне олармен байланысты өнімдерді (компьютерлік жабдықты қоспағанда) өзі дербес сатып алуға, еңбек шарттарының болуымен расталған қызметкерлерді қосымша жалдауға байланысты қосымша шығыстардың қажеттілігін белгілесе;
2) пилоттық жобаларды іске асыру күнінің алдындағы салықтық кезеңдер үшін салық төлеуші орындаған салықтық міндеттемелерге қолданылса;
3) салықтық тіркеу мəселелерімен, салықтық есептілік нысандарын қабылдаумен байланысты болса, ерікті болып табылады.
Салық төлеушінің жоғарыда көрсетілген пилоттық жобаларға ерікті түрде қатысуы жəне оларды іске асыру қағидаларын орындау мұндай салық төлеушіні осы баптың 1-тармағының алтыншы бөлігінде көзделген шарт ескеріле отырып, осы Кодексте көзделген салықтық міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
Пилоттық жобаларға ерікті негізде қатысатын салық төлеушілерге, егер бұзушылық уəкілетті органның пилоттық ақпараттық жүйесіндегі техникалық жəне (немесе) əдіснамалық қателерге жəне (немесе) пилоттық жоба шеңберінде операцияларды ресімдеу кезінде жіберілген салық төлеушінің қателеріне байланысты болса, оларды іске асыру қағидаларын бұзғаны үшін:
салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген əкімшілік жазалар мен əкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары қолданылмайды.
6. Пилоттық жобаға қатысушы осы Кодексте көзделген құқықтар мен міндеттерді қоса алғанда:
құпия ақпаратты қоспағанда, салық органдарынан пилоттық жоба туралы ақпарат алуға;
пилоттық жобаны іске асыру барысында туындайтын мəселелер бойынша сұрау салулар жіберуге жəне түсіндірмелер алуға;
пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде белгіленген салықтық міндеттемені орындау мəселелері бойынша бұзушылықтарды жою жөнінде түсіндірмелер алуға;
салықтық міндеттемені орындау мəселелері бойынша іске асырылатын пилоттық жоба шеңберінде анықталған бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын өз бетінше жоюға құқылы;
қағаз жəне (немесе) электрондық жеткізгіштерде мəліметтер мен құжаттарды, сондай-ақ жазбаша түсінікті беруге;
автоматтандырылған бухгалтерлік есепке алу жүйесіне қолжетімділік беруге;
мүлікке түгендеу жүргізу үшін, оның ішінде пилоттық жобаны іске асыру қағидаларында көзделген жағдайларда құжаттарда көрсетілген мəліметтерге сəйкестігіне түгендеу жүргізу үшін салық салу объектісі жəне (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікке, тұрған жеріне қарамастан, қолжетімділік беруге міндетті.
7. Осы Кодексте көзделген құқықтар мен міндеттерді қоса алғанда, салық органы:
пилоттық жобаны іске асыру қағидаларында көзделген жағдайларда пилоттық жоба барысында туындайтын мəселелер бойынша мəліметтерді, құжаттарды жəне жазбаша түсіндірмелерді қағаз жеткізгіште жəне (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға жəне алуға;
пилоттық жобаны іске асыру қағидаларында көзделген негіздер бойынша жəне жағдайларда салық органының ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті шектеуге құқылы;
іске асыру жоспарланған пилоттық жоба туралы ақпаратты масс-медиада алдын ала жариялауға;
қолданыстағы пилоттық жобалар туралы ақпарат беруге;
пилоттық жобаны іске асыру барысында туындайтын мəселелер бойынша түсіндірмелер беруге;
пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде салықтық міндеттемені орындау мəселелері бойынша бұзушылықтарды жою жөнінде түсіндірмелер беруге міндетті.
8. Пилоттық жобаны жүргізу қорытындылары бойынша салық органы жетілдірілген салықтық əкімшілендіруді енгізу (тоқтату) жəне (немесе) салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерді орындауы, оның ішінде салық агентінің функцияларын жүктеу туралы шешімді қамтитын талдау жасайды.
Бұл ретте пилоттық жоба оны енгізу тиімділігіне, оның ішінде:
1) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемелерді орындау деңгейін;
2) салық төлеуші (салық агенті) жəне салық органы үшін əкімшілік жəне қаржылық шығасыларды төмендетуді;
3) салық жəне бюджетке төленетін төлемдердің түсімдерін ескере отырып талдау жасалады.
Талдау пилоттық жоба аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей масс-медиада жариялануға тиіс.
9. Салық органдары əрбір пилоттық жобаның ұзақтығы үш жылға дейін болатын бесеуден аспайтын пилоттық жобаны күнтізбелік жыл ішінде бастауға құқылы.
Осы тармақтың ережесі салық төлеушілердің ерікті түрде қатысуын көздейтін пилоттық жобаларға қолданылмайды.
93-бап. Салықтық тəуекелдерді басқару жүйесі
1. Салықтық тəуекелдерді басқару жүйесі - салықтық тəуекелдерді анықтау, оларды барынша азайту жөніндегі шараларды айқындау мақсатында салықтық əкімшілендіру кезінде салық органы жүргізетін іс-шаралар кешені.
Салықтық тəуекел - сақталуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының орындалмауының ықтималдығы.
2. Салықтық əкімшілендіру кезінде салықтық тəуекелді азайту жөніндегі шаралар алдын алу жəне бақылау шараларына бөлінеді.
Салықтық тəуекелді барынша азайту жөніндегі алдын алу шаралары салық төлеушілерді (салық агенттерін) салықтық нысандарды табыс ету, салықты жəне бюджетке төленетін төлемдерді төлеу, тіркеу есебіне қою мерзімдерінің басталғаны жəне (немесе) өзге де салықтық міндеттемелерді орындау қажеттілігі туралы хабардар ету арқылы жүзеге асырылады.
Салықтық тəуекелді барынша азайту жөніндегі бақылау шаралары камералдық бақылау, электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін бақылау, салықтық бақылау жəне бақылаудың өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады.
Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тəуекелді барынша азайту жөніндегі шараларды қолдану салық органының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып та айқындалады.
Салықтық тəуекелдерді басқаруды ұйымдастыру тəртібін уəкілетті орган айқындайды.
3. Салықтық тəуекелдерді басқару кезінде алынған ақпарат, сондай-ақ салықтық тəуекелдерді басқаруды ұйымдастыру тəртібі қолжетімділігі Қазақстан Республикасының заңнамасымен шектелген құпия ақпарат болып табылады.
Салық органдарының лауазымды адамдары алынған ақпаратты тек салық органына жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін ғана пайдаланады жəне оларды өз міндеттерін орындау кезеңінде де, оларды орындау аяқталғаннан кейін де таратуға құқылы емес.