Көрсетілген ақпаратты өзге тұлғаларға, оның ішінде салық төлеушілерге беруге тыйым салынады.
94-бап. Салықтық тіркеу жөніндегі жалпы ережелер
1. Қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компанияларды қоспағанда, салық төлеушілерді салықтық тіркеу салық төлеушілердің базасын қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.
Қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялар осы Кодекстің 102-бабына сəйкес жүзеге асырылатын қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебіне шартты түрде қоюға жатады.
2. Салық төлеушілер базасын қалыптастыру:
1) жеке тұлғаны, оның ішінде шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды, резидент-заңды тұлғаны, сондай-ақ осындай тұлғаның құрылымдық бөлімшесін, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін тіркеуден;
бейрезидент-заңды тұлғаны, дипломатиялық өкілдікті (бұдан əрі осы тараудың мақсаттары үшін - бейрезидент-заңды тұлға);
дара кəсіпкерді;
жеке практикамен айналысатын адамды;
тіркеу есебіне шартты түрде қоюға жататындарды қоспағанда, қосылған құн салығын төлеушіні;
жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебінен тұрады.
3. Салық төлеушілер базасы салық төлеушілер туралы мəліметтерді енгізу жəне алып тастау, мұндай мəліметтерге өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізу, сондай-ақ тіркеу есебіне қою жəне осындай есептен шығару арқылы қалыптастырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген əрекеттерді салық органы уəкілетті мемлекеттік органдардың, резидент- банктердің нөмірлер тізілімдерінің мəліметтері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының рұқсаттар жəне хабарламалар туралы заңнамасында көзделген салық төлеушінің салықтық өтініші немесе хабарламасы негізінде жүргізеді.
4. Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, салық органының тіркеу есебінен шығаруы мынадай:
1) жеке тұлғаның қайтыс болуы немесе оны қайтыс болған деп жариялау;
2) орындалмаған салықтық міндеттемелер не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан салық салу объектілері жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілер болмаған жағдайда жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тұрақты тұруға кетуі жəне оның азаматтығын тоқтату;
3) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасындағы қызметін тоқтатуы;
4) резидент-заңды тұлғаларды, олардың құрылымдық бөлімшелерін нөмірлер тізілімінен алып тастау немесе бейрезидент-заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерін есептік тіркеуден шығару;
5) шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес құрылған заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тиімді басқару орнын (нақты басқару органының тұрған жерін) өзгерту негіздері бойынша жүргізіледі.
5. Салық органы осы Кодексте көзделген жағдайларда салық органының шешімі негізінде жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні шығарып тастайды.
Салық органының шешімі бойынша тіркеу есебінен шығарылған жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші туралы ақпарат шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде уəкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
6. Салық органы мониторинг жүргізу арқылы осы тарау талаптарының сақталуын тексереді.
7. Салық төлеушілерді салықтық тіркеу тəртібін уəкілетті орган айқындайды.
1-параграф. Бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеу есебінің ерекшеліктері
95-бап. Бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеу есебіне қою жəне тіркеу мəліметтерін өзгерту ерекшеліктері
1. Қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компанияларды қоспағанда, бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеу есебін салық органы бейрезидент-заңды тұлғаның салықтық өтініші, уəкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың немесе резидент-банктердің мəліметтері негізінде жүргізеді.
2. Салықтық өтініш негізінде тіркеу есебіне қою жөніндегі міндет мынадай бейрезидент-заңды тұлғаларда:
1) қызметін құрылымдық бөлімше ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғада - Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыруды бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде;
2) тиімді басқару орны (нақты басқару органының тұрған жері) Қазақстан Республикасында орналасқан бейрезидент-заңды тұлғада - Қазақстан Республикасын тиімді басқару орны (нақты басқару органының тұрған жері) деп тану туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде;
3) төлем көзінен табыс салығын бюджетке есептеу, ұстап қалу жəне аудару жөніндегі міндет пен жауаптылық жүктелетін, салық агенті болып табылатын жəне Қазақстан Республикасында мүлік сатып алатын (өткізетін) бейрезидент-заңды тұлғада - мүлік сатып алынғанға (өткізілгенге) дейін;
4) бейрезидент осындай мақсаттар үшін жалдаған жұмыскерлер немесе басқа персонал арқылы жүзеге асырылатын қызметті қоспағанда, бір жоба немесе байланысты жобалар шеңберінде кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап кез келген қатарынан он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен астам кезеңде қызметі осы Кодекске сəйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын сақтандыру ұйымында (сақтандыру брокерінде) немесе тəуелді агентте - осы Кодекстің 231-бабының 2-тармағына сəйкес айқындалған қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде;
5) қызметі тұрақты мекеме құруға алып келетін резидентпен жасалған бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы бейрезидент-заңды тұлғада - осы Кодекстің 231-бабының 2-тармағына сəйкес айқындалған қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде;
6) резидент-банктерде ағымдағы шот ашатын бейрезидент-заңды тұлғада - резидент-банктерде ағымдағы шот ашылғанға дейін;
7) төлем көзінен табыс салығын бюджетке есептеу, ұстап қалу жəне аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік жүктелген кірісті төлейтін немесе салық агенті болып табылмайтын тұлғадан осы баптың 1-тармағында көрсетілген құн өсімі түрінде кіріс алатын жəне осы Кодекстің 687-бабы 1-тармағының 3), 4) жəне 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін сатып алатын салық агенті болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғада - осы Кодекстің 687-бабы 1-тармағының 3), 4) жəне 5) тармақшаларында көрсетілген акциялар, қатысу үлестері сатып алынғанға дейін;
8) осы Кодекстің 681-бабының 9) тармақшасында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда - бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алатын бейрезидент-заңды тұлғада;
9) дипломатиялық өкілдікте туындайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген жағдайда, тіркеу есебі Қазақстан Республикасының жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сəйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдардың осы Кодекстің 687-бабы 1-тармағының 3), 4) жəне 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін бейрезидент-заңды тұлғаның сатып алғаны туралы мəліметтері негізінде жүргізіледі.
Резидент-банкте ағымдағы шот ашу мақсатындағы тіркеу есебін қоспағанда, бейрезидент-заңды тұлғаның тіркеу есебі кезінде салық органы тіркеу куəлігін береді.
3. Өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар бейрезидент-заңды тұлғаның:
нөмірлер тізілімі мəліметтерінің;
тиімді басқару орны (нақты басқару органының тұрған жері) Қазақстан Республикасында орналасқан, шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес құрылған заңды тұлға ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің негізінде - бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің;
2) осындай заңды тұлғаны тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің негізінде - Қазақстан Республикасында құрылымдық бөлімше ашпай тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның тіркеу мəліметтеріне енгізіледі;
осындай заңды тұлғаны тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің;
Қазақстан Республикасының жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сəйкес құзыреті шегінде жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдардың бейрезидент-заңды тұлғаның осы Кодекстің 687-бабы 1-тармағының 3), 4) жəне 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін сатып алғаны туралы мəліметтерінің негізінде - осы Кодекстің 687-бабы 1-тармағының 3), 4) жəне 5) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие тұлғаның орналасқан жері өзгерген кезде төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстап қалу жəне бюджетке аудару жөніндегі міндет пен жауаптылық жүктелетін салық агенті болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғаның;
4) осындай резидент туралы нөмірлер тізілімінің мəліметтері негізінде - бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алатын бейрезидент-заңды тұлғаның;
5) осындай тұлғалардың салықтық өтініші негізінде - дипломатиялық өкілдіктің;
6) қызметін тəуелді агент арқылы жүзеге асыратын осындай бейрезидент-заңды тұлғаның немесе тəуелді агенттің салықтық өтінішінің негізінде - қызметін осы Кодекстің 226-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сəйкес бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесі ретінде қаралатын тəуелді агент арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның;
7) резидент-банктің хабарламасының негізінде - резидент-банкте ағымдағы шоты бар бейрезидент-заңды тұлғаның тіркеу мəліметтеріне енгізіледі.
4. Бейрезидент-заңды тұлға тіркеу есебіне қою немесе осындай есептен шығару мақсатында салық органына салықтық өтініш ұсынған кезде салықтық тіркеуді жүзеге асыру тəртібінде көзделген құжаттарды бір мезгілде ұсынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мақсаттарда ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін нотариат куəландырған болуға тиіс.
96-бап. Бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеу есебінен шығару ерекшеліктері
1. Салық органдары бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеу есебінен салықтық өтініші бойынша мынадай:
1) бейрезидент тұрақты мекеме арқылы қызметін тоқтатқан;
2) егер мұндай бейрезиденттің Қазақстан Республикасында өзге салық салу объектісі болмаған жағдайда бейрезиденттің мүлкіне, акцияларына жəне (немесе) қатысу үлесіне құқықтары тоқтатылған;
3) бейрезиденттің қызметі осындай бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын Қазақстан Республикасындағы тəуелді агенті арқылы тоқтатылған;
4) дипломатиялық өкілдіктің қызметі тоқтатылған;
5) бейрезиденттің резидент-банктерде ағымдағы шоты болмау шартымен резидент-банкте ағымдағы шот ашу мақсатында салық төлеуші ретінде тіркелген осындай бейрезидент-заңды тұлғаның шоты жабылған, сондай-ақ резидент-банктің хабарламасын алған күннен бастап алты ай ішінде ағымдағы шот ашылғаны туралы мəліметтер болмаған жағдайларда шығарады.
1) сыртқы саяси қызмет саласындағы уəкілетті мемлекеттік органның осындай тұлғалардың қызметін тоқтату туралы мəліметтерінің негізінде - дипломатиялық өкілдікті;
2) тəуелді агенттің салықтық өтінішінің негізінде - осы Кодекстің 226-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сəйкес қызметін бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесі ретінде қаралатын тəуелді агент арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаны;
3) резидент-банктің бейрезиденттің ағымдағы шотын жабу туралы жіберген хабарламасының негізінде - резидент-банкте ағымдағы шоты бар бейрезидент-заңды тұлғаны қоспағанда, салықтық өтінішінің негізінде бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеу есебінен шығарады.
2-параграф. Дара кəсіпкерді жəне жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебінің ерекшеліктері
97-бап. Дара кəсіпкерді жəне жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебіне қою жəне тіркеу мəліметтерін өзгертудің ерекшеліктері
1. Дара кəсіпкерді жəне жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебіне қою қызметтің басталғаны туралы хабарламаның негізінде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында дара кəсіпкерлікті жүзеге асыруға тыйым салынған жеке тұлға дара кəсіпкерді тіркеу есебіне қойылмайды.
3. Тіркеу мəліметтерін өзгертуді салық органы тіркеу деректері, оның ішінде бірлескен кəсіпкерлікке қатысушылар (мүшелер) туралы деректер өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылған дара кəсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның қызметінің басталғаны туралы хабарламаның негізінде жүргізеді.
98-бап. Дара кəсіпкерді жəне жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебінен шығарудың ерекшеліктері
1. Дара кəсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның тіркеу есебінен жеке тұлғаны шығаруды салық органы осы Кодекстің 5-тарауының 3-параграфында айқындалған тəртіппен жəне (немесе) Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, орындалмаған салықтық міндеттемелері болмаған жағдайда, салық органы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тіркеу есебінен шығаруды жүргізеді.
2. Жеке тұлға салық органында қағаз жеткізгіште немесе салық органының ақпараттандыру объектілері арқылы оны дара кəсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның тіркеу есебінен шығарғаны (алып тастаудан бас тартқаны) туралы растама алуға құқылы.
3-параграф. Қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебі
99-бап. Қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебіне қою жөніндегі жалпы ережелер
1. Қосылған құн салығын (бұдан əрі осы параграфтың мақсатында - салық) төлеушіні тіркеу есебіне қою:
1) салық төлеушіні тіркеу есебіне ерікті түрде қою;
2) салық төлеушіні тіркеу есебіне міндетті түрде қою;
3) салық төлеушіні тіркеу есебіне шартты түрде қою түрінде жүзеге асырылады.
2. Салық төлеушіні міндетті жəне шартты түрде тіркеу есебіне қою салық төлеушілердің базасында жүзеге асырылады.
3. Салық төлеушінің тіркеу есебіне қоюға:
2) резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
3) жеке практикамен айналысатын адам;
4) арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші;
4. Салық төлеушіні тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін:
1) айналым осы Кодекстің 449-бабының 1-тармағының 1) жəне 2) тармақшаларында көрсетілген айналымдар сомасы ретінде осы Кодекстің 101-бабында белгіленген күннен бастап өсу нəтижесімен айқындалады;
2) айналымның шекті шегі - тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшеріне тең айналым.
5. Салық төлеушіні тіркеу есебіне қою осындай өтініш ұсынылған күннен бастап салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына ұсынылған салықтық өтініш негізінде жүзеге асырылады.
6. Салық төлеушіні тіркеу есебіне қойғаннан кейін басшы жəне (немесе) бюджетпен есеп айырысуға жауапты адам салық органдарында электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесімен жəне электрондық шот-фактураларды жазып беру тəртібімен танысуға міндетті.
Заңды тұлғаны тіркеу есебіне қою жəне (немесе) тіркеу деректерін өзгерту, сондай-ақ басшыны ауыстыру кезінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде басшыны биометриялық сəйкестендіру жүргізіледі.
7. Заңды тұлғаны қайта тіркеу мемлекеттік органдардың талап қоюы бойынша заңды күшіне енген сот актісімен жарамсыз деп танылған жағдайларда, аталған заңды тұлға осындай қайта тіркелген күннен бастап нөмірлер тізіліміне тиісті өзгеріс енгізілгенге дейінгі кезеңде салық төлеуші болып танылмайды.
8. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, осы баптың ережелері қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын, тіркеу есебіне шартты түрде қоюға жататын шетелдік компанияға (бұдан əрі осы параграфтың мақсаттарында - шетелдік компания) қолданылмайды.
Салық төлеуші шетелдік компанияны тіркеу есебіне шартты түрде қою осы Кодекстің 102-бабына сəйкес жүзеге асырылады.
100-бап. Салық төлеушіні тіркеу есебіне ерікті түрде қою
Осы Кодекстің 99-бабының 3-тармағында жəне 102-бабында көрсетілмеген салық төлеушілердің айналымның шекті шегіне жеткенге дейін салық төлеушіні тіркеу есебіне ерікті түрде қоюға құқығы бар.
101-бап. Салық төлеушіні тіркеу есебіне міндетті түрде қою
1. Айналымы күнтізбелік жыл ішінде, сондай-ақ осы бапта көзделген жағдайларда айналымның шекті шегінен асатын салық төлеушілер салық төлеушіні тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатады.
1) бейрезидент Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын жаңадан құрылған резидент-заңды тұлға, құрылымдық бөлімше - тіркеуші органда мемлекеттік (есептік) тіркелген күннен бастап;
2) салық органдарында дара кəсіпкерді тіркеу есебіне қайта тұрған жеке тұлға - дара кəсіпкер тіркеу есебіне қойылған күннен бастап;
3) арнаулы салық режимін қолданған салық төлеуші - жалпыға бірдей белгіленген салық салу тəртібіне көшкен күннен бастап;
4) өзге салық төлеуші - ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап айқындалады.
3. Салықтық өтініш айналымның шекті шегінен асқан кезде, бірақ айналымның шекті шегінен асқан күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
4. Айналымның шекті шегінен асатын мəміле жасалған жағдайда, салық төлеуші осындай мəміле бойынша айналым жасалғанға дейін салықтық өтініш береді.
1) егер сенімгерлік басқару шарты бойынша құрылтайшы (не сенімгерлік басқару туындайтын өзге де жағдайларда пайда алушы) салық төлеуші болып табылса - келу тəртібімен осындай шарт (өзге құжат) жасалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей салықтық өтініш береді;
2) өзге жағдайларда мұндай құрылтайшыны немесе пайда алушыны, сондай-ақ сенімгерлік басқарушыны міндетті түрде тіркеу есебіне қою осы баптың ережелеріне сəйкес жүзеге асырылады.
6. Айналымның шекті шегінен асатын жəне салық төлеушіні тіркеу есебіне қойған күнге дейінгі кезеңде жасалған айналым Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауаптылыққа тарту үшін есепке қойылмаған кезең үшін салық салынатын айналым деп танылады.
102-бап. Салық төлеушіні тіркеу есебіне шартты түрде қою
1. Салық төлеушіні тіркеу есебіне шартты түрде қою уəкілетті орган айқындаған тəртіппен (бұдан əрі - шартты түрде қоюды жүзеге асыру тəртібі) шетелдік салық төлеуші компаниялардың тізілімін қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.
Салық органы шетелдік салық төлеуші компаниялардың тізіліміне шартты түрде қоюды жүзеге асыру тəртібімен белгіленген тізбеге сəйкес шетелдік компания туралы деректерді енгізеді.
Салық төлеуші шетелдік компаниялардың тізіліміне енгізілген салық төлеуші шетелдік компаниялар туралы мəліметтер шартты түрде қоюды жүзеге асыру тəртібіне сəйкес уəкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
2. Шетелдік компания салық төлеушіні тіркеу есебіне шартты түрде қою үшін салық органына салық төлеушіні тіркеу есебіне қою туралы растау хатын (бұдан əрі - растау хаты) шетелдік салық төлеуші компаниялардың тізіліміне енгізілуге жататын деректерді көрсете отырып ұсынады.
3. Растау хатын шетелдік компания салық органына тауарды жəне (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алушы бірінші төлемді жүзеге асырған күннен бастап бір айдан кешіктірмей ұсынады.
Шетелдік компания салық төлеуші шетелдік компаниялардың тізіліміне енгізілуге жататын деректердің өзгергені жəне (немесе) толықтырылғаны туралы салық органын деректердің өзгерістері жəне (немесе) толықтырулары енгізілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
4. Шетелдік компания тауарды жəне (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алушы бірінші төлемді жүзеге асырған күннен бастап салық төлеуші болып танылады.
103-бап. Салық төлеушіні тіркеу есебінен шығару
1. Салық төлеуші салық төлеушінің тіркеу есебінен:
1) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тəртібінен арнаулы салық режиміне көшкен кезде;
2) салық төлеушінің қызметі тоқтатылған немесе ол таратылған кезде шығарылады.
Салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген салық салу тəртібінен арнаулы салық режиміне ауысқан кезде Қазақстан Республикасының рұқсаттар жəне хабарламалар туралы заңнамасында көзделген хабарламамен бір мезгілде салық органына салық бойынша таратудың салықтық есептілігін ұсынады.
2. Салық төлеушіні тіркеу есебінен алу мынадай жағдайларда:
1) банкроттық себебі бойынша қызметін тоқтатқанды немесе таратылғанды қоспағанда, салық төлеушінің қызметін тоқтатқан немесе ол таратылған жағдайда - тиісті тіркеуші органға қызметті тоқтату туралы өтініш (салықтық өтініш) ұсынылған күннен бастап;
2) банкроттық себебі бойынша салық төлеушінің қызметі тоқтатылған немесе ол таратылған жағдайда - дара кəсіпкер тіркеу есебінен шығарылған немесе заңды тұлға нөмірлер тізілімінен алынған күннен бастап;
3) заңды күшіне енген сот актісімен дара кəсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеуді жарамсыз деп тану себебі бойынша салық төлеушінің қызметі тоқтатылған немесе ол таратылған жағдайда - салық төлеуші тіркеу есебіне қойылған күннен бастап;
4) заңды тұлғалар бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда - таратудың салықтық есептілігі мен беру актісі ұсынылған күннен бастап;
5) заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда - таратудың салықтық есептілігі мен бөлу актісі ұсынылған күннен бастап;
6) дара кəсіпкердің тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға қайтыс болған жағдайда - салық төлеушілер базасынан алынған күннен бастап;
7) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тəртібінен арнаулы салық режиміне көшкен жағдайда - арнаулы салық режимін қолдануды бастаған күннен бастап жүргізіледі.
3. Осы баптың ережелері салық төлеушінің тіркеу есебіне шартты түрде қойылуға жататын салық төлеушілерге қолданылмайды.
4-параграф. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебіне қою
104-бап. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебіне қою
1. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебіне қоюға мынадай қызмет түрлерін:
1) бензин (авиациялықтан басқа), дизель отыны, газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсутектер қоспасы, экологиялық отын өндірісін;
2) бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспасын, экологиялық отынды көтерме жəне (немесе) бөлшек саудада өткізуді;
3) этил спиртін жəне (немесе) алкоголь өнімдерін өндіруді;
4) алкоголь өнімдерін көтерме жəне (немесе) бөлшек саудада өткізуді;
5) темекі өнімдерін өндіруді жəне (немесе) көтерме саудада өткізуді;
7) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сəйкес, сондай-ақ өнеркəсіптік құрастыру туралы келісім болған кезде төлем жүргізілген акцизделетін тауарлардың импортын қоспағанда, осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, құрастыруды (жинақтауды);
8) тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілер жатады.
2. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебіне қою жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілерінің жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілердің тұрған жеріндегі салық органдарында жүргізіледі.
Осы баптың 1-тармағының 1) - 5) тармақшаларының мақсаттары үшін салық салуға байланысты объектілер деп мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісі, мұнай өнімдерінің базасы, резервуар, жанармай құю станциясы, мұнай өнімдерін өндірушімен мұнай жəне (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу шартында (мұнайды жеткізушілер үшін) немесе қосымшада (ерекшеліктер) көрсетілген мұнай жəне (немесе) газ конденсаты мен мұнай өнімдерінің шығу көлемі, осы баптың 1-тармағының 1) - 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын стационарлық жəне (немесе) қойма үй-жайлары түсініледі.
3. Лицензиялауға жататын қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебіне қою тиісті лицензия болған жағдайда лицензияның қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге жүргізіледі.
4. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) жəне 5) (темекі бұйымдарын өндіруді қоспағанда), 6) - 8) тармақшаларында көрсетілген қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебіне қою Қазақстан Республикасының рұқсаттар жəне хабарламалар туралы заңнамасында айқындалатын тəртіппен қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама (бұдан əрі осы параграфтың мақсаттарында - қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама) негізінде жүргізіледі.