Бақылау субъектісінің немесе бақылау субъектісі басшысының (уəкілетті лауазымды адамының) бақылауды жүзеге асыруға кедергі келтіру туралы актіге қол қоюдан бас тартуы осы баптың 4-тармағының екінші жəне үшінші бөліктерінде айқындалған тəртіппен ресімделеді.
7. Бақылау субъектісіне қатысты бақылау жылына бір реттен жиілетпей жүзеге асырылады.
8. Бақылауды жүзеге асыру мерзімі бақылауды жүзеге асыру басталған күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Бақылауды тағайындаған салық органы бақылауды жүзеге асыру мерзімін елу жұмыс күніне дейін ұзарта алады.
Бақылауды жүзеге асыру мерзімінің өтуі:
1) салық органының құжаттарды ұсыну туралы талабы бақылау субъектісіне немесе бақылау субъектісінің басшысына (уəкілетті лауазымды адамына) табыс етілген күннен бастап осындай талап бойынша құжаттар ұсынылған күнге дейінгі;
2) басқа салық органдарына, уəкілетті мемлекеттік органдарға, банк ұйымдарына жəне Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға бақылау субъектісінің қызметі жөнінде мəліметтер жəне (немесе) құжаттар ұсыну туралы сұрау салу жіберілген күннен бастап осындай сұрау салу бойынша мəліметтер мен құжаттарды алған күнге дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрады.
9. Бақылауды жүзеге асыру мерзімін ұзарту, тоқтата тұру кезінде, сондай-ақ кезеңі жəне (немесе) салық органының бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарының тізімі өзгерген кезде шешімге қосымша шешім ресімделеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда, бақылау субъектісіне осы Кодекстің 48-бабында айқындалған тəртіппен хабархат ұсынылады.
10. Бақылау аяқталған соң салық органының бақылауды жүзеге асырған лауазымды адамы бақылау актісін жасайды.
Бақылау актісінде:
1) бақылауды жүзеге асыру орны, бақылау актісі жасалған күн;
2) бақылауды жүзеге асырған салық органының атауы;
3) салық органының бақылауды жүзеге асырған лауазымды адамдарының лауазымы, тегі, аты жəне əкесінің аты;
4) бақылау субъектісінің тегі, аты жəне əкесінің аты немесе атауы, басшысының (уəкілетті лауазымды адамының) тегі, аты жəне əкесінің аты, сəйкестендіру нөмірі, сондай-ақ бақылау субъектісінің мекенжайы;
5) келісімімен жəне қатысуымен бақылау жүзеге асырылған бақылау субъектісі лауазымды адамдарының лауазымы, тегі, аты жəне əкесінің аты;
6) алдыңғы бақылау жəне бұрын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар туралы мəліметтер;
7) жүзеге асырылған бақылау нəтижелері қамтылуға тиіс.
Бақылау актісі осы баптың 4-тармағында айқындалған тəртіппен бақылау субъектісіне бақылау аяқталған күннен кейінгі үш күн ішінде ұсынылады.
11. Жүзеге асырылған бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар болған кезде бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы талап жасалады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талап бақылау актісі бақылау субъектісіне табыс етілген күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.
12. Бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы талапты бақылау субъектісі осындай талапты алған күннен кейінгі отыз жұмыс күні ішінде орындауға тиіс.
Бақылау субъектісі бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы талапты орындау мерзімі ішінде бақылауды жүзеге асырған салық органына бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жəне (немесе) мүлікті өткізуден түскен сомаларды өндіріп алу туралы хабарлайды.
Бақылау субъектісі хабархатты бақылауды жүзеге асырған салық органына осы Кодекстің 50-бабында айқындалған тəртіппен ұсынады.
178-бап. Уəкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың жəне Мемлекеттік корпорацияның қызметін бақылау
1. Салық органы бюджетке төленетін төлемдердің дұрыс есептелуі, толық алынуы жəне уақтылы аударылуы мəселелері бойынша уəкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың жəне Мемлекеттік корпорацияның қызметін бақылауды (бұдан əрі осы баптың мақсатында - бақылау) жүзеге асырады.
1) уəкілетті мемлекеттік органдар мен Мемлекеттік корпорацияның бақылау субъектілеріне қатысты бюджетке төленетін төлемдердің дұрыс есептелуі, толық алынуы жəне уақтылы аударылуы, сондай-ақ салық органдарына мəліметтердің анық жəне уақтылы ұсынылуы мəселелері бойынша жүзеге асырылады;
2) жергілікті атқарушы органдардың бақылау субъектілеріне қатысты бюджетке төленетін төлемдердің дұрыс есептелуі, толық алынуы жəне уақтылы аударылуы, салық органдарына мүлікке, көлік құралдарына салынатын салық пен төлемдер бойынша мəліметтердің анық жəне уақтылы ұсынылуы мəселелері бойынша жүзеге асырылады.
3. Салық органының бақылауды тағайындау туралы шешімі (бұдан əрі осы баптың мақсатында - шешім) бақылау субъектілерінің қызметіне бақылауды жүзеге асыруға негіз болып табылады.
Шешімде осы Кодекстің 177-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген ақпарат қамтылуға тиіс.
Шешім бақылауды жүзеге асыру басталғанға дейін мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда мемлекеттік тіркелуге жатады.
4. Шешім бақылау субъектісіне осындай шешімді мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылған күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Басшы (бақылау субъектісінің уəкілетті лауазымды адамы) шешімнің данасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, салық органының осындай бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамы бас тарту туралы акт жасайды.
Бақылау субъектісінің басшысы (уəкілетті лауазымды адамы) осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайда, бас тарту себептеріне жазбаша түсініктеме беруге міндетті.
Бақылау субъектісі басшысының (уəкілетті лауазымды адамының) шешімді алудан бас тартуы бақылаудың күшін жоюға негіз болып табылмайды.
1) бақылау субъектісінің басшысы (уəкілетті лауазымды адамы) шешімнің данасын алған;
2) бас тарту туралы акт жасалған күн бақылауды жүзеге асырудың басталуы деп есептеледі.
6. Бақылауды жүзеге асыру кезінде осындай бақылау субъектісінің лауазымды адамдары салық органының бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарына:
1) осындай бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен мəліметтерді алуға;
2) зерттеп-қарауды жүзеге асыру үшін бақылау объектілеріне кіруге жəрдем көрсетеді.
Салық органының бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарына осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген əрекеттерді жасауға кедергі келтірілген кезде осындай бақылауды жүзеге асыруға кедергі келтіру туралы акт жасалады.
Бақылауды жүзеге асыруға кедергі келтіру туралы актіге салық органының осындай бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдары жəне бақылау субъектісінің басшысы (уəкілетті лауазымды адамы) қол қояды.
Бақылау субъектісі басшысының (уəкілетті лауазымды адамының) осындай бақылауды жүзеге асыруға кедергі келтіру туралы актіге қол қоюдан бас тартуы осы Кодекстің 177-бабы 4-тармағының екінші жəне үшінші бөліктерінде айқындалған тəртіппен ресімделеді.
7. Бақылау субъектісіне қатысты бақылау жылына бір реттен жиілетпей жүзеге асырылады.
8. Бақылауды жүзеге асыру мерзімі осындай бақылауды жүзеге асыру басталған күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Осындай бақылауды тағайындаған салық органы бақылауды жүзеге асыру мерзімін елу жұмыс күніне дейін ұзарта алады.
Бақылауды жүзеге асыру мерзімінің өтуі:
1) бақылау субъектісінің басшысына (уəкілетті лауазымды адамына) салық органының құжаттарды ұсыну туралы талабы табыс етілген күннен бастап осындай талап бойынша құжаттар ұсынылған күнге дейінгі;
2) басқа салық органдарына, уəкілетті мемлекеттік органдарға, банк ұйымдарына жəне Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға бақылау субъектісінің қызметі жөнінде мəліметтер мен құжаттарды ұсыну туралы сұрау салу жіберілген күннен бастап осындай сұрау салу бойынша мəліметтер мен құжаттарды алған күнге дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрады.
9. Бақылауды жүзеге асыру мерзімін ұзарту, тоқтата тұру кезінде, сондай-ақ кезеңі жəне (немесе) салық органының бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарының тізімі өзгерген кезде шешімге қосымша шешім ресімделеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда, бақылау субъектісіне осы Кодекстің 51-бабында айқындалған тəртіппен хабархат ұсынылады.
10. Бақылау аяқталған соң салық органының бақылауды жүзеге асырған лауазымды адамы бақылау актісін жасайды.
Бақылау актісінде осы Кодекстің 177-бабы 10-тармағының екінші бөлігінде айқындалған ақпарат қамтылуға тиіс.
Бақылау актісі осы баптың 4-тармағында айқындалған тəртіппен бақылау субъектісіне осындай бақылау аяқталған күннен кейінгі үш күн ішінде ұсынылады.
11. Жүзеге асырылған бақылаудың нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар болған кезде бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы талап жасалады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талап осындай бақылау жөніндегі акт бақылау субъектісіне табыс етілген күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы талапты осындай бақылау субъектісі көрсетілген талапты алған күннен кейінгі отыз жұмыс күні ішінде орындауға тиіс.
12. Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің дұрыс есептелуіне, толық алынуына жəне уақтылы аударылуына жауапты бақылау субъектісі бақылау нəтижелері бойынша анықталған салықтық берешек сомаларын өндіріп алуды жүзеге асырады.
13. Бақылау субъектілері салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің дұрыс есептелуі, толық алынуы жəне уақтылы аударылуы, сондай-ақ салық органдарына мəліметтердің анық жəне уақтылы ұсынылуы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
179-бап. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тəртібінің сақталуын бақылау
1) Қазақстан Республикасының аумағымен тауарларды алып өту, өткізу жəне (немесе) тиеп-жөнелту, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру;
2) тауарларды ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің жəне ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына əкелу;
3) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің жəне ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына əкету кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тəртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
2. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндеттеме мынадай мерзімдерде:
1) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы алып өту, өткізу жəне (немесе) тиеп-жөнелту кезінде - тауарларды алып өту, өткізу жəне (немесе) тиеп-жөнелту басталғаннан кешіктірілмей;
2) тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына əкелу кезінде - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін;
3) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің жəне ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына əкету кезінде - тауарларды алып өту, өткізу жəне (немесе) тиеп-жөнелту басталғаннан кешіктірілмей;
4) ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде автомобиль өткізу пунктінде туындайды.
3. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесін, сондай-ақ ресімдеу нысандарын, тəртібін жəне олардың құжат айналымын уəкілетті орган айқындайды.
180-бап. ЕАЭО-ның кедендік аумағына əкелінген тауарлардың айналымын қадағалап отыру
1. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сəйкес ЕАЭО-ның кедендік аумағына əкелінген тауарлар айналымын қадағалап отыру ұлттық қадағалап отыру жүйесі пайдаланыла отырып, қадағалап отыруға жататын тауарларды жəне осындай тауарлар айналымына байланысты операцияларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
2. Ұлттық қадағалап отыру жүйесі - қадағалап отыруға жататын тауарлар жəне осындай тауарлардың айналымына байланысты операциялар туралы мəліметтерді жинауды, есепке алуды жəне сақтауды Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта айқындалған тəртіппен жəне мерзімдерде қамтамасыз ететін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі.
3. Қадағалап отыруға жататын тауарлар айналымын жүзеге асыратын салық төлеушілер:
1) электрондық құжаттар түрінде ресімдеу:
техникалық іркілістерден;
байланыс құралдарының (телекоммуникация желілерінің жəне Интернет ақпараттық-телекоммуникациялық желісінің) жұмысының бұзылуынан;
электр энергиясының өшіп қалуынан;
халықаралық шартта белгіленген тəртіппен айқындалған өзге де жағдайларда туындаған ақпараттық жүйелердің жарамсыздығына байланысты мүмкін болмайтын жағдайды қоспағанда, ілеспе құжаттарды электрондық құжаттар түрінде ресімдеуге;
2) ұлттық қадағалап отыру жүйесіне енгізілуге жататын толық жəне анық мəліметтерді ұсынуға міндетті.
Электрондық шот-фактура ұлттық қадағалап отыру жүйесінің ілеспе құжаты болып табылады.
Бұл ретте алып өткен кезде тауарларға ілеспе жүкқұжатты ресімдеу талап етілетін тауарлар бойынша электрондық шот-фактура тауарларға ілеспе жүкқұжат негізінде жазып беріледі.
4. Халықаралық шарттан туындайтын тауарлар айналымын қадағалап отыру жөніндегі міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін салық төлеушілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
1) халықаралық шартқа сəйкес қадағалап отыруға жататын тауарлар айналымын қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеуін;
2) ұлттық қадағалап отыру жүйесінде қамтылған, қадағалап отыруға жататын тауарлар жəне осындай тауарлардың айналымына байланысты операциялар туралы мəліметтерді халықаралық шартқа сəйкес ЕАЭО-ға мүше тиісті мемлекетке жіберуді қамтамасыз етеді.
6. Тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеуі қағидаларын уəкілетті орган бекітеді.
181-бап. Салықтық зерттеп-қарау
1. Салықтық зерттеп-қарау - салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жері бойынша іс жүзінде бар немесе жоқ екенін растау мақсатында салық органы жүзеге асыратын іс-шара.
Салықтық зерттеп-қарау салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жері бойынша жұмыс уақытында жүргізіледі.
Салықтық зерттеп-қарауды жүргізуге қатысу үшін осы Кодексте айқындалған тəртіппен куəгерлер тартылады.
2. Салықтық зерттеп-қарауды жүргізу үшін:
1) салық төлеушіге (салық агентіне) нұсқаманы, салықтық тексерудің алдын ала актісін, салықтық тексеру актісін, мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді жəне (немесе) билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісін табыс етудің мүмкін болмауы;
2) адресаттың тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жері бойынша болмауына, сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері мен электрондық пошта мекенжайлары туралы деректердің болмауына немесе ұсынылған деректер бойынша кері байланыстың болмауына орай табыс етілуінің мүмкін еместігі туралы белгі қойылған пошта хат-хабарының қайтарылуына байланысты, салық төлеушінің (салық агентінің) іс жүзінде бар немесе жоқ екенін растау қажеттілігі негіз болып табылады.
3. Салықтық зерттеп-қараудың жүргізілетіні туралы салық төлеушіге (салық агентіне) (басшысына) веб-қосымша немесе веб-портал арқылы күні бұрын, бірақ салықтық зерттеп-қарау жүргізілгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей хабарланады.
4. Салықтық зерттеп-қарау нəтижелері бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) тұрған жері бойынша болмау фактісі анықталған кезде салықтық зерттеп-қарау актісі жасалады.
Салықтық зерттеп-қарау актісіне оны жасаған салық органының лауазымды адамы, сондай-ақ куəгерлер қол қояды.
Əрекет жасалған кезде орындалған фотографиялық түсірілімдер мен негативтер, бейнежазбалар немесе басқа да материалдар актіге қоса тігілуі мүмкін.
Салықтық зерттеп-қарау актісінің көшірмесі салық төлеушіге (салық агентіне) оның сұрау салуы бойынша веб-қосымша арқылы ұсынылады.
5. Салық органы салықтық зерттеп-қарау актісі жасалған күннен кейінгі күннен кешіктірмей:
1) уəкілетті органның интернет-ресурсында салық төлеуші (салық агенті) туралы мəліметтерді сəйкестендіру нөмірін, тегін, атын жəне əкесінің атын немесе атауын, салықтық зерттеп-қарауды жүргізу күнін көрсете отырып орналастырады;
2) салық төлеушінің тұрған жерін (болмауын) растау туралы хабарламаны (бұдан əрі осы баптың мақсатында - хабарлама) салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді.
6. Салық төлеуші (салық агенті) хабарламаны салық органына өзі келу тəртібімен:
1) салықтық зерттеп-қарау кезінде болмау себептері туралы түсінікті;
2) жылжымайтын мүлікке құқықтылығына қарай салық төлеушінің (салық агентінің) тұрған жерін растайтын құжатты:
жылжымайтын мүлікке меншік құқығын немесе оны пайдалану құқығын растайтын (кемінде бір жыл мерзімге) құжаттың көшірмесін;
пайдалану құқығын растайтын (бір жылдан аз мерзімге) құжаттың көшірмесін, ұсынғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын салыстырып тексеру үшін көрсетілген құжаттың түпнұсқасын немесе нотариат куəландырған көшірмесін ұсына отырып;
тұрған жері ретінде мəлімделген жылжымайтын мүлік меншік құқығында болатын жеке тұлғаның нотариат куəландырған келісімін ұсыну арқылы орындауға тиіс.
7. Хабарлама осы бапта белгіленген мерзімде орындалмаған кезде салық органы хабарламаны орындау мерзімі өткеннен кейінгі келесі жұмыс күні электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін тоқтата тұрады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген қамтамасыз ету тəсілі, егер көрсетілген бөлікте өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 5-тарауының 4-параграфында белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде қолданылады.
1. Салық органдары лауазымды адамдарының мынадай əрекеттер жасауы:
1) салық органдарының осы Кодексте көзделген құжаттарын табыс етуі (салық төлеуші (салық агенті) оларды қабылдаудан бас тартқан кезде);
2) салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін тізімдеу;
3) салық салу объектісі жəне (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікке оның тұрған жеріне қарамастан, нұсқаманың негізінде жүргізілетін зерттеп-қарау;
4) нұсқаманың негізінде салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне (тұрғын үй-жайлардан басқа), оның ішінде осы Кодексте айқындалған тəртіппен арнаулы құралдарды (фото-, аудио-, бейнеаппаратураларды) қолдана отырып түгендеу жүргізу;
5) салықтық зерттеп-қарау өздерінің талап етуі немесе салық төлеушінің (салық агентінің) талап етуі бойынша кемінде екі куəгердің қатысуымен жүзеге асырылады.
2. Куəгер ретінде салық органы лауазымды адамының жəне салық төлеушінің (салық агентінің) əрекеттерінің нəтижесіне мүдделі емес кəмелетке толған, əрекетке қабілетті азаматтар тартылады.
Салық органының, уəкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамының, өзіне қатысты осы баптың 1-тармағында көзделген əрекет жасалып жатқан салық төлеуші (салық агенті) жұмыскерінің жəне құрылтайшысының куəгер ретінде қатысуына жол берілмейді.
3. Куəгер əрекеттер жасалған кезде өзі қатысқан, салық органының лауазымды адамы жасайтын, куəгердің қатысуымен əрекет жасау туралы актіде тіркеп-белгіленген салық органының лауазымды адамдары мен салық төлеуші (салық агенті) əрекеттерінің фактісін, мазмұнын жəне нəтижелерін куəландырады.
Куəгер жасалған əрекеттер туралы ескертулер жасауға құқылы. Куəгердің жасаған ескертулері салық органының лауазымды адамы жасайтын, куəгердің қатысуымен əрекет жасау туралы актіге енгізілуге тиіс.
Салық органының лауазымды адамы жасайтын, куəгердің қатысуымен əрекет жасау туралы актіде куəгер ретінде қатысқан адамның тегі, аты жəне əкесінің аты, жеке сəйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, жеке басын куəландыратын құжаттың түрі мен нөмірі міндетті түрде көрсетіледі.
17-тарау. САЛЫҚТАР МЕН БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН
ТӨЛЕМДЕРДІ ТӨЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ САЛЫҚТЫҚ
МІНДЕТТЕМЕНІ МƏЖБҮРЛЕП ОРЫНДАТУ
183-бап. Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені мəжбүрлеп орындату
1. Салық органы осы Кодексте көзделген тəртіппен жəне мерзімдерде:
1) салықтық берешектің шекті мөлшерінен асатын сомада салықтық берешек түзілген кезде заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке, дара кəсіпкерге, жеке практикамен айналысатын адамға салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама ұсынады;
2) салықтық берешек түзілген кезде жеке тұлғаға жеке тұлғаның салықтық берешегін өтеу туралы хабарлама ұсынады.
2. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешек сомасымен келіспеген кезде осы баптың 1-тармағының 1) жəне 2) тармақшаларында көрсетілген хабарламаларды орындау мерзімі өткенге дейін салық органымен бірлесіп, салықтар, бюджетке төленетін төлемдер бойынша есеп- қисаптарды салыстырып тексеруді жүргізеді.
Салықтар, бюджетке төленетін төлемдер бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексерудің қорытындылары бойынша салық органының лауазымды адамы мен салық төлеуші (салық агенті) қол қоятын салықтар, бюджетке төленетін төлемдер бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру актісі жасалады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) деректері мен салық органының деректері бойынша алшақтықтар болған жағдайда, салық органы жеке шотты жүргізу тəртібіне сəйкес пайда болған алшақтықтарды жою жөнінде шаралар қабылдайды.
3. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешекті өз бетінше өтеу мүмкіндігі болмаған жағдайда, салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаны орындау мерзімі ішінде салық органына:
1) дебиторлық берешек сомасын көрсете отырып, дебиторлардың тізімін;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) пайдасына берешек сомаларын дебиторлардан өндіріп алу туралы заңды күшіне енген сот актісінің көшірмесін (бар болса) ұсынады.
Сотта дау айтылатын дебиторлық берешек сомалары растауға жатпайды.
4. Салық органы салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаны немесе жеке тұлғаның салықтық берешегін өтеу туралы хабарламаны орындау мерзімі өткен соң салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 5-тарауының 4-параграфында көзделген тəртіпке сəйкес қамтамасыз ету тəсілдерін қолданады.
Осы Кодекстің 84-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген, шығыс операцияларын тоқтата тұру түріндегі қамтамасыз ету тəсілі салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттеме мəжбүрлеп орындалған кезде салықтық берешек шегінде жүргізіледі.
Салық төлеуші (салық агенті) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша қамтамасыз етілген салықтық міндеттемені орындамаған жағдайда, салық органы осы тарауда көзделген салықтық берешекті мəжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.
Жеке тұлғаның салықтық берешегін мəжбүрлеп өндіріп алуды «Атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушыларының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес сот орындаушысы жүзеге асырады.
Салықтық берешек салық төлеушіден (салық агентінен) немесе осы тарауда көзделген жағдайда өзге тұлғалардан өндіріп алынады.
5. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегін салық органының мəжбүрлеп өндіріп алу тəртібін уəкілетті орган айқындайды.
Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегін салық органының мəжбүрлеп өндіріп алу тəртібі салықтық берешек пайда болған күннен бастап салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты салық органы жүргізетін рəсімдерді қамтуға тиіс.
184-бап. Салықтық берешекті мəжбүрлеп өндіріп алу шаралары
1. Салықтық берешекті мəжбүрлеп өндіріп алу шаралары (бұдан əрі - мəжбүрлеп өндіріп алу шаралары) - салық төлеушінің (салық агентінің) белгіленген мерзімде ерікті түрде орындалмаған салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындауын қамтамасыз етуге бағытталған салық органының əрекеттері.
2. Салық төлеушіге (салық агентіне) қолданылатын мəжбүрлеп өндіріп алу шаралары мыналар болып табылады:
1) оның банктік шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу;
2) дебиторлардың шоттарынан өндіріп алу;
3) оның билік ету шектелген мүлкін өткізу есебінен өндіріп алу;
4) жарияланған акцияларды мəжбүрлеп шығару;
5) Қазақстан Республикасынан шығуды уақытша шектеу;
6) жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығару.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) - 4) тармақшаларында көзделген мəжбүрлеп өндіріп алу шаралары заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке, дара кəсіпкерге, жеке практикамен айналысатын адамға қолданылады.