Қазақстан Республикасының 2025 жылы 18 сәуірдегі 214-VIII Салық Кодексі

Предыдущая страница

3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында айқындалған тұлғада - өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын, сондай-ақ тауарларды осындай өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты туындаған басқа да талаптар сомасын, оның ішінде тұрақсыздық айыбының (айыппұлдардың, өсімпұлдың) сомасын қамтитын, бірақ осы Кодекстің 243-бабына сəйкес бұрын танылған кірістің талап ету құқығын сатып алу құнына ұлғайтылған мөлшерінен аспайтын мөлшерде;

4) осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында айқындалған тұлғада - ұйғарылған немесе танылған тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұл) түрінде танылған кіріс сомасы мөлшерінде күмəнді талаптар шегерімге жатады.

4. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда, күмəнді талаптар:

1) осы баптың 2-тармағының 1) жəне 2) тармақшаларында айқындалған тұлғаларда:

кредит (қарыз) шарттары бойынша туындаған күмəнді талаптар бойынша - кредит (қарыз) шартының талаптарына сəйкес сыйақы төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;

лизинг шарттары бойынша туындаған күмəнді талаптар бойынша - лизинг шартының талаптарына сəйкес лизингтік төлемді төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;

қалған жағдайларда:

өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша орындалу мерзімі айқындалған талап етуді орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап;

өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша орындалу мерзімі айқындалмаған талап ету бойынша тауарлар берілген, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күннен бастап;

2) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында айқындалған тұлғаларда:

кредит (қарыз) шарттары бойынша туындаған күмəнді талаптар бойынша - кредит (қарыз) шартының талаптарына сəйкес сыйақы төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;

лизинг шарттары бойынша туындаған күмəнді талаптар бойынша - лизинг шартының талаптарына сəйкес лизингтік төлемді төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;

қалған жағдайларда - мына күндердің:

өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша орындалу мерзімі айқындалған талап етуді орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннің;

өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша орындалу мерзімі айқындалмаған талап ету құқығы басқаға берілген күннің ішінде неғұрлым кеш болатын күннен бастап есептелетін үш жылдық кезең өткен салықтық кезеңде шегерімге жатады.

5. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, күмəнді талаптар сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап есептелетін үш жылдық кезең өткен салықтық кезеңде шегерімге жатады.

6. Осы Кодекстің 323-бабының 1-тармағына сəйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушілердің 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепке жазылған:

1) басқа банктерде орналастырылған корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттер бойынша сыйақыларды;

2) басқа банктер мен клиенттерге берілген кредиттер (қаржы лизингін қоспағанда) бойынша сыйақыларды;

3) құжаттық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекті;

4) жабылмаған аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерді төлеу жөніндегі талаптары күмəнді болып танылмайды.

7. Салық төлеушінің күмəнді талаптарды шегерімге жатқызуы бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде жүргізіледі:

1) талаптардың туындағанын растайтын құжаттардың болуы;

2) шегерімге жатқызу кезінде бухгалтерлік есепке алуда талаптардың көрсетілуі не мұндай талаптардың алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есепке алуда шығыстарға жатқызылуы.

 

268-бап. Қалдықтарды көму полигондарын жоюға арналған шығыстар бойынша шегерімдер жəне қалдықтарды көму полигондарын жою қорына аударымдар сомасының шегерімдері

1. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктегі арнаулы депозиттік шотқа аударылған, қалдықтарды көму полигондарын жою қорына аударымдар сомасын салық саясаты саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган белгілеген тəртіппен жəне мөлшерде шегерімге жатқызады.

2. Салық төлеушінің салықтық кезең ішінде қалдықтарды көму полигондарын жоюға іс жүзінде шеккен шығыстары сол шығыстар шегілген салықтық кезеңде шегерімге жатады.

Салық төлеушінің арнаулы депозиттік шотта орналастырылған жою қорының қаражаты есебінен жүргізілген шығыстары шегерімге жатпайды.

 

269-бап. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына, ғылыми-техникалық жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған, зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды сатып алуға жəне ғылыми орталықтар құруға арналған шығыстар бойынша шегерім

1. Тіркеп-белгіленген активтерді сатып алуға, оларды орнатуға арналған шығыстар мен күрделі сипаттағы басқа да шығыстардан бөлек, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, ғылыми-техникалық жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар Қазақстан Республикасының ғылым жəне технологиялық саясат туралы заңнамасына сəйкес ғылым саласындағы уəкілетті органның ғылыми-зерттеу жұмыстары, ғылыми-техникалық жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша хабарламалары болған жағдайда шегерімге жатады.

Осындай шығыстарды шегерімге жатқызуға мыналар негіз болып табылады:

ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-техникалық жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға арналған шығыстар бойынша - ғылыми жəне (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы есеп, сондай-ақ осындай қызметке байланысты шығыстарды растайтын құжаттар;

ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-техникалық жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыстарды сатып алуға арналған шығыстар бойынша - іс жүзінде орындалған техникалық тапсырма жəне осындай жұмыстардың аяқталған кезеңдерін қабылдау актілері.

2. Зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды лицензиялық шарт немесе айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша жоғары оқу орындарынан, ғылыми ұйымдардан, дербес білім беру ұйымдарынан, стартап-компаниялардан сатып алуға арналған, оларды одан əрі коммерцияландыруға бағытталған шығыстар шегерімге жатады.

Осындай шығыстарды шегерімге жатқызуға Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тəртіппен уəкілетті мемлекеттік орган тіркеген лицензиялық шарт немесе басқаға беру (ішінара беру) шарты негіз болып табылады.

3. Егер осы Кодекстің 302-бабында өзгеше көзделмесе, зерттеу университеттері жанынан ғылыми орталықтар құруды қаржыландыру Қазақстан Республикасының ғылым жəне технологиялық саясат туралы заңнамасына сəйкес ғылым саласындағы уəкілетті органның ғылыми орталық құру туралы хабарламасы болған кезде шегерімге жатады.

 

270-бап. Жұмыскерлердің есепке жазылған кірістері бойынша шығыстарды жəне жеке тұлғаның кірісі болып табылмайтын жұмыс берушінің жекелеген шығыстарын шегеру

1. Жұмыс берушінің:

1) мыналарды:

тіркеп-белгіленген активтердің;

преференциялар объектілерінің;

амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнына енгізілетіндерді;

2) запастардың өзіндік құнына енгізілетіндерді жəне осындай запастардың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес айқындалатын, өзіндік құны арқылы шегерімге жатқызылуға жататындарды;

3) бақылау кезеңі ішінде тіркеп-белгіленген активтер мен преференциялар объектілеріне қатысты кейінгі шығыстар деп танылатындарды;

4) салық төлеушінің осы баптың 2-тармағында көзделген шығыстарын қоспағанда, жұмыскердің осы Кодекстің 426-бабының 1) тармақшасында көрсетілген, салық салынуға жататын кірістері бойынша шығыстары (оның ішінде жұмыскердің осы Кодекстің 679-бабы 1-тармағының 23), 25), 26) жəне 27) тармақшаларында көрсетілген кірістері бойынша жұмыс берушінің шығыстары) шегерімге жатады.

Жұмыс беруші жұмыскерді оқытуға, жұмыскердің біліктілігін арттыруға жəне (немесе) оны қайта даярлауға жұмсаған іс жүзіндегі шығыстар да шегерімге жатады.

2. Осы Кодекстің 366-бабының 1), 5), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 18) жəне 20) тармақшаларында көрсетілген, жеке тұлғаның кірісі болып табылмайтын жұмыс берушінің шығыстары шегерімге жатады.

 

271-бап. Бағамдық айырма бойынша шегерім

Теріс бағамдық айырма шамасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кету сомасы шегерімге жатады.

 

272-бап. Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің шегерімі

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, есепті салықтық кезеңде Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің бюджетіне төленген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер:

1) есепті салықтық кезеңде - есепті салықтық кезең жəне (немесе) есепті салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезеңдер үшін есепке жазылған жəне (немесе) есептелген шекте;

2) есепті салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезеңдерде - есепті салықтық кезең үшін есепке жазылған жəне (немесе) есептелген шекте шегерімге жатады.

Бұл ретте салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің төленген сомасы осы Кодекстің 122 жəне 123-баптарында айқындалған тəртіппен есепке жатқызу жүргізілгені ескеріле отырып айқындалады.

Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу жəне есепке жазу Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің (өзге мемлекеттің бюджетіне төленген салықтар мен төлемдер үшін) салық заңнамасына сəйкес жүргізіледі.

2. Мыналар:

1) жылдық жиынтық кіріс айқындалғанға дейін алып тасталатын салықтар;

2) корпоративтік табыс салығы жəне Қазақстан Республикасының аумағында жəне басқа мемлекеттерде төленген, заңды тұлғалардың кірістеріне (пайдасына) салынатын корпоративтік табыс салығына ұқсас салықтар;

3) жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде төленген салықтар;

4) үстеме пайда салығы;

5) жер қойнауын пайдалануға балама салықтар шегерімге жатпайды.

 

273-бап. Кейінгі шығыстар шегерімі

1. Мынадай мүлікке:

1) осы Кодекстің 281-бабына сəйкес тіркеп-белгіленген активтерге;

2) осы баптың 2-тармағында көрсетілгендерден басқа, осы Кодекстің 275-бабының 2-тармағына сəйкес тіркеп-белгіленген активтерге жатпайтын активтерге;

3) лизинг шартынан басқа, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша алынған мүлікке;

4) осы Кодекстің 316-бабында көрсетілген активтерге қатысты жұмсалған пайдалану, жөндеу, реконструкциялау, жаңғырту, күтіп-ұстау, жою жөніндегі шығындар жəне басқа да шығындар, оның ішінде салық төлеушінің резервтік қорлары есебінен болған шығындар кейінгі шығыстар деп танылады.

2. Осы баптың ережелері мынадай активтерге қатысты қолданылмайды:

1) коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейінгі кезеңде - жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін пайдалануға енгізетін жəне осы Кодекстің 305-бабына сəйкес салық салу мақсаттарында есепке алынатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтер;

2) аяқталмаған құрылыс объектілері.

3. Мыналарды:

1) осы тараудың 3-параграфына сəйкес есепке алынатын тіркеп-белгіленген активтер бойынша кейінгі шығыстарды;

2) осы Кодекстің 25-тарауының 4-параграфына сəйкес амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнына енгізілуге жататын осындай активтерге қатысты жүргізілген кейінгі шығыстарды;

3) осы Кодекстің 275-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сəйкес тіркеп-белгіленген актив болып табылатын лизинг шартынан басқа, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша алынған мүлікке қатысты кейінгі шығыстарды;

4) жер қойнауын пайдаланушылардың осы Кодекстің 301-бабына сəйкес аударымдары шегерімге жатқызылатын жою қорының қаражаты есебінен жүргізілген шығындарын;

5) осы баптың 4-тармағында көрсетілген кейінгі шығыстарды қоспағанда, кейінгі шығыстар олар жүргізілген салықтық кезеңде шегерімге жатқызылуға жатады.

4. Жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейін өндіру басталған күнге дейін пайдалануға енгізетін жəне осы Кодекстің 305-бабына сəйкес салық салу мақсатында есепке алынатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтер бойынша пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейін өндіру басталған күннен бастап шегілген кейінгі шығыстардың бухгалтерлік есепке алуда осындай активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызуға жататын сомасы осы Кодекстің 305-бабының 1-тармағында көзделген амортизацияланатын активтердің тобы бойынша жинақталған шығыстардың салықтық кезеңнің соңындағы сомасын, оның ішінде мұндай сома салықтық кезеңнің соңында нөлге тең болған жағдайда да ұлғайтады.

Осы тармақта көзделген кейінгі шығыстар олар бухгалтерлік есепке алуда активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған салықтық кезеңде салық салу мақсаттарында танылады.

5. Осы Кодекстің мақсаттары үшін реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған шығындар - нəтижелері бір мезгілде:

мүліктің конструкциясын өзгерту, оның ішінде жаңарту;

мүліктің қызмет мерзімін үш жылдан астам уақытқа ұзарту;

мүлікті реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру үшін оның пайдаланудан уақытша шығарылғандағы күнтізбелік айдың басындағы техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда мүліктің техникалық сипаттамаларын жақсарту болып табылатын шығындар түрі.

 

 

3-параграф. Тіркеп-белгіленген активтер бойынша шегерімдер

 

274-бап. Тіркеп-белгіленген активтер бойынша шегерімдер

Мыналар:

1) тіркеп-белгіленген активтер бойынша осы Кодекстің 280-бабына сəйкес есептелген амортизациялық аударымдар;

2) осы Кодекстің 281-бабына сəйкес тіркеп-белгіленген активтер бойынша кейінгі шығыстар;

3) осы Кодекстің 282-бабының 2, 4 жəне 5-тармақтарына сəйкес салықтық кезеңнің соңындағы I топ объектісінің жəне (немесе) топтың құндық балансы тіркеп-белгіленген активтер бойынша шегерімдер болып табылады.

 

275-бап. Тіркеп-белгіленген активтер

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, мыналар тіркеп-белгіленген активтерге жатады:

1) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген активтерді қоспағанда, келіп түскен кезде салық төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес есепке алынған жəне есепті жəне (немесе) болашақ кезеңдерде кіріс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес жəне биологиялық активтер;

2) концессия шарты шеңберінде концессионер концеденттен иеленуге жəне пайдалануға алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер.

Осы Кодекстің мақсаттарында «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес концессионер деп танылған тұлға, сондай-ақ «Мемлекеттік-жекешелік əріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес концессия шартын жасасқан жекеше əріптес, құқық мирасқоры немесе концессионер тек қана концессия шартын іске асыру үшін арнайы құрған заңды тұлға концессионер деп танылады;

3) кіріс алуға бағытталған қызметте бір жылдан астам уақыт бойы пайдалануға арналған, сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқаруға алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;

4) лизинг шартынан басқа, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша алынған жəне бухгалтерлік есепке алуда ұзақ мерзімді актив ретінде танылған мүлікке қатысты шегілген кейінгі шығыстар;

5) жалға берушіде - лизинг шарты бойынша берілген мүліктен басқа, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша берілген, осындай шарт бойынша берілгеннен кейін бухгалтерлік есепке алуда негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес жəне биологиялық активтер ретінде есепке алынбайтын мүлік.

2. Мыналар тіркеп-белгіленген активтерге жатпайды:

1) жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін пайдалануға енгізетін жəне осы Кодекстің 305-бабына сəйкес салық салу мақсаттарында есепке алынатын негізгі құралдар жəне материалдық емес активтер;

2) мыналарды:

осы баптың 1-тармағының 2) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген активтерді;

осындай активтерді халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес əділ құны бойынша есепке алуға байланысты амортизациялық аударымдарын есептеу жүргізілмейтін биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоспағанда, олар бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес амортизациялық аударымдарын есептеу жүргізілмейтін активтер;

3) ортақ пайдаланылатын құрылысжайлар (концессия шарты шеңберінде концессионер құрған жəне (немесе) алған, концессия объектілері болып табылатындарын қоспағанда):

автомобиль жолдары, тротуарлар, бульварлар, гүлзарлар;

4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сəйкес бұрын құны толығымен шегерімге жатқызылған негізгі құралдар;

5) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес салық төлеушінің бухгалтерлік балансында пайдалы қызмет мерзімі айқындалмаған деп танылған жəне солай деп ескерілетін, пайдалы қызмет мерзімі айқындалмаған материалдық емес активтер;

6) бақылау кезеңі ішінде күші жойылмаған инвестициялық салықтық преференциялардың объектілері;

7) осы Кодекстің 316-бабында аталған жер қойнауын пайдаланушының амортизацияланатын активтері;

8) жалға алушыда - лизинг шарты бойынша алынған активтерден басқа, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша уақытша иеленуге жəне пайдалануға алынған, осындай шарт бойынша алынғаннан кейін бухгалтерлік есепке алуда негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес жəне биологиялық активтер ретінде есепке алынатын активтер.

 

276-бап. Тіркеп-белгіленген активтерді есепке алу

1. Тіркеп-белгіленген активтерді есепке алу негізгі қорлар сыныптауышына сəйкес қалыптастырылатын топтар бойынша мынадай тəртіппен жүзеге асырылады:

 

 

2. Тіркеп-белгіленген активтерді есепке алу мыналарды:

1) салықтық кезеңнің басындағы жəне соңындағы I топ объектілерінің құндық баланстарын жəне (немесе) топтардың құндық баланстарын;

2) тіркеп-белгіленген активтердің салықтық кезеңдегі түсімдерін;

3) тіркеп-белгіленген активтердің салықтық кезеңдегі шығып қалуын;

4) I топ объектілерінің қалдық құнын;

5) тіркеп-белгіленген активтер бойынша кейінгі шығыстарды есепке алу түрінде жүргізіледі.

3. Топтардың құндық баланстары салықтық кезеңнің басында жəне соңында:

I топ бойынша - əрбір объект бойынша айқындалады. Əрбір объект бойынша құндық баланстардың жалпы сомасы I топтың құндық балансын құрайды;

II, III жəне IV топтар бойынша - əрбір топ бойынша айқындалады.

4. Салықтық кезеңнің басындағы I топ объектісінің құндық балансы жəне (немесе) топтардың құндық баланстары мынадай формуланы қолдану кезінде алынған соманың оң мəні ретінде айқындалады:

алдыңғы салықтық кезеңнің соңындағы I топ объектісінің құндық балансы жəне (немесе) топтардың құндық балансы

алу

алдыңғы салықтық кезеңде есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы

алу

осы Кодекстің 282-бабына сəйкес шегерімдер мен түзетулер.

5. Салықтық кезеңнің соңындағы I топ объектілерінің құндық балансы жəне (немесе) топтардың құндық баланстары:

салықтық кезеңнің басындағы I топ объектісінің құндық балансы жəне (немесе) топтың құндық балансы

қосу

осы Кодекстің 277-бабына сəйкес айқындалатын құн бойынша салықтық кезеңде түскен тіркеп-белгіленген активтер

алу

осы Кодекстің 279-бабына сəйкес айқындалатын құн бойынша салықтық кезеңде шығып қалған тіркеп-белгіленген активтер,

қосу

осы Кодекстің 281-бабына сəйкес I топ объектісінің құндық балансы немесе топтың (II, III немесе IV топтар бойынша) құндық балансын ұлғайтуға немесе қалыптастыруға жатқызылатын тіркеп-белгіленген активтер бойынша кейінгі шығыстар.

6. Салықтық кезеңнің соңындағы I топ объектісінің қалдық құны:

салықтық кезеңнің басындағы I топ объектісінің құндық балансы

қосу

осы Кодекстің 281-бабына сəйкес тіркеп-белгіленген активтер бойынша осы объектінің құндық балансын ұлғайтуға немесе I топ объектісінің құндық балансын қалыптастыруға жатқызылатын кейінгі шығыстар ретінде айқындалады.

7. Сенімгерлік басқарушы осы Кодекстің 275-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тіркеп-белгіленген активтер бойынша I топ объектілерінің жекелеген құндық баланстарын жəне (немесе) топтардың (II, III немесе IV топтар бойынша) құндық баланстарын қалыптастырады жəне осындай активтер бойынша осы Кодекстің 210 жəне 211-баптары негізінде бөлек салықтық есепке алуды жүргізеді.

 

277-бап. Тіркеп-белгіленген активтердің келіп түсуі

1. Мыналар:

1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес бухгалтерлік есепке алуда есепті жəне (немесе) болашақ кезеңдерде кіріс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды, материалдық емес жəне биологиялық активтерді тану;

2) концессия шарты шеңберінде концессионердің концеденттен қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтерді иеленуге жəне пайдалануға алуы;

3) сенімгерлік басқарушының қызмет мерзімі бір жылдан асатын, кіріс алуға бағытталған қызметте бір жылдан астам уақыт пайдалануға арналған активтерді сенімгерлік басқаруға алуы;

4) лизинг шартынан басқа, бухгалтерлік есепке алуда мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша алынған мүлікке қатысты жұмсалған кейінгі шығыстарды ұзақ мерзімді актив ретінде тану;

5) жалға берушіде - жалға берушінің осындай берілгенге дейін бухгалтерлік есепке алуда негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес немесе биологиялық активтер ретінде есепке алынбаған мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша беруі тіркеп-белгіленген активтердің келіп түсуі болып табылады. Осы тармақшаның ережелері лизинг шарты бойынша мүлікті беруге қолданылмайды;

6) пайдаланылуы уақытша тоқтатылғаннан кейін, бұрын салықтық есепке алуда осы Кодекстің 279-бабының 18-тармағына сəйкес шығып қалу көрсетілген, кіріс алуға бағытталған қызметте пайдалану үшін I топ объектісін пайдалануға беру;

7) бақылау кезеңі ішінде инвестициялық салықтық преференциялар жойылмай қолданылған объектіні бақылау кезеңінен кейінгі салықтық кезеңде тіркеп-белгіленген активтердің құрамына аудару тіркеп-белгіленген активтердің келіп түсуі болып табылады.

2. Салық салу мақсаттарында тіркеп-белгіленген активтердің келіп түсуін тану келіп түскен активтерді тіркеп-белгіленген активтердің құрамына енгізуді білдіреді.

Келіп түскен активтерді тіркеп-белгіленген активтердің құрамына енгізу салықтық кезеңнің басындағы I топ объектілерінің жəне (немесе) топтардың тиісті құндық балансын келіп түскен тіркеп-белгіленген активтердің бастапқы құнына ұлғайту жолымен жүзеге асырылады.

Лизинг шартынан басқа, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша алынған мүлікке қатысты шеккен жəне бухгалтерлік есепке алуда ұзақ мерзімді актив ретінде танылған кейінгі шығыстарды тіркеп-белгіленген активтердің құрамына енгізу:

егер осы баптың 1-тармағына сəйкес мүліктік жалдау (жалға алу) объектісі I топқа жататын болса - салықтық кезеңнің басындағы I топ объектісінің құндық балансын бастапқы құнға ұлғайту немесе осындай құндық баланс болмаған кезде оны қалыптастыру;

егер мүліктік жалдау (жалға алу) объектісі осы баптың 1-тармағына сəйкес II, III немесе IV топтарға жататын болса - салықтық кезеңнің басындағы топтың тиісті құндық балансын бастапқы құнға ұлғайту жолымен жүзеге асырылады.

3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, тіркеп-белгіленген активтердің бастапқы құны тіркеп-белгіленген актив келіп түскен күн бойынша салық төлеуші шеккен мынадай шығындардың сомасы түрінде айқындалады:

1) тіркеп-белгіленген активті сатып алуға арналған шығындар;

2) тіркеп-белгіленген активті өндіруге арналған шығындар;

3) тіркеп-белгіленген активті салуға арналған шығындар;

4) тіркеп-белгіленген активті монтаждауға жəне орнатуға арналған шығындар;

5) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес активтің құнын ұлғайтатын басқа да шығындар.

4. Осы баптың мақсаттары үшін тіркеп-белгіленген активтің бастапқы құнына: