Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктердегі арнайы шоттарға аударылған қалдықтарды көму полигондарының жою қорына аударым сомаларын шегерімге жатқызу және олардың мөлшерін белгілеу қағидалары туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 30 қазандағы № 293 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 268-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктердегі арнайы шоттарға аударылған қалдықтарды көму полигондарының жою қорына аударым сомаларын шегерімге жатқызу және олардың мөлшерін белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.