«Электронды салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығына 6-қосымша) (2017.04.10. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

ҚР Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Қаржы министрінің 2016.20.01 № 21 бұйрығымен регламент жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы 4 маусымдағы

№ 348 бұйрығына

6-қосымша

 

 

«Электронды салық төлеуші ретінде тіркеу есебі»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2017.04.10. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Қаржы министрінің 2016.18.02. № 71 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.04.10. № 595 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. «Электронды салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығымен бекітілген «Электронды салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11273 тіркелген) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжатарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ҚКО) немесе «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы (бұдан әрі - Салық төлеушінің кабинеті) арқылы;

2) коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы;

3) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

1) ЭЦҚ беру;

2) ЭЦҚ күшін жою;

3) ЭЦҚ ауыстыру болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.