«Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 21 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11696 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
9) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 53) тармақшамен толықтырылсын:
«53) осы бұйрықтың 53-қосымшасына сәйкес «Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Темекі бұйымдарының өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты қызметкері;