(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КОНЦЕССИЯ ОБЪЕКТІЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІККЕ ҚАБЫЛДА...

Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 642 бұйрығы

(2013.13.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2016 жылғы 28 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 11-бабының 6-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департаменті (Б.К. Тәшенов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2008 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 642 бұйрығымен

Бекітілген

 

 

Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау

ережесі

 

Осы Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 6-тармақшасына сәйкес әзірленген және Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдаудың тәртібін айқындайды.

 

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Қаржы министрінің 2013.13.09. № 437 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Егер концессия шартында өзгеше көзделмесе, концессия шартының талаптарын орындау нәтижесінде пайда болған концессия объектілері құрылғаннан кейін мемлекеттік меншікке беріледі.

ҚР Қаржы министрінің 2013.13.09. № 437 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

концессия - концессия объектілерін құруға (реконструкциялауға) және пайдалануға бағытталған, концессионердiң қаражаты есебiнен немесе концеденттiң қоса қаржыландыруы шарттарымен жүзеге асырылатын қызмет;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.