Темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны табыс ету қағидалары мен нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 145 бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Темекi өнімдерінің өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 5-бабы 5-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) темекi өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны табыс ету қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) темекi өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияның нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.