«2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 350 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы:
1) 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 15 қазан аралығындағы кезеңде интернет желісі арқылы онлайн режимде;
2) 2021 жылғы 1 - 30 қазан аралығындағы кезеңде планшеттерді пайдалану арқылы өткізілсін.»;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне Жоспар іс-шараларының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (келісу бойынша):»;
көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 26 мамырдағы
№ 350 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 19 маусымдағы
№ 419 қаулысымен
бекітілген
2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі
іс-шаралар жоспары