(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ТОПЫРАҚТЫҢ ЖЫЛУЫН, ЖЕРАСТЫ СУЛАРДЫ, ӨЗЕНДЕРДІ, СУ АЙ...

Осы редакция 2018 жылғы 10 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

міндетін атқарушының

2015 жылғы 29 шілдедегі

№ 573 бұйрығына 2-қосымша

 

 

Топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіп кәсіпорындарының және электр станцияларының,
кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдаланаотырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын
өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға

 қызметтер көрсету стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіп кәсіпорындарының және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - қызметтер) табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - Субъекті) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың сапалы және тең қол жеткізуін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттарын айқындау мақсатында әзірленді.

 

 

2.Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібі

 

2. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді алу үшін тұтынушы субъектіге еркін үлгіде жазбаша өтініш (өтінім, арыз) жолдайды.

3. Субъекті тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді алуға арналған жазбаша өтінішін (өтінімін, арызын) мәлімделген көлемге не көрсетілетін қызметтерді тұтынудың басқа да шарттарына қарамастан тең жағдайлармен қабылдайды.

4. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъекті тұтынушы өтініш жасаған кезде реттеліп көрсетілетін қызметтердің құны және оларға қол жеткізу тәртібі туралы ақпарат ұсынады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.