«Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2015 жылғы 29 шілдедегі № 573 бұйрығы (2018.10.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2015 жылғы 29 шілдедегі № 573 бұйрығы

(2018.10.12. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 65 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.10.12. № 99 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.10.12. № 99 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіп кәсіпорындарының және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес магистральдық теміржол желісі саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға көрсететін қызметтерінің стандарты;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес кәбілдік кәрiздерді мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.