Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 99 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 65 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 29 шілдедегі № 573 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11951 болып тіркелген, 2015 жылы 25 қыркүйектегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1- тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты;»;
8) және 10) тармақшалар алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген электр энергиясын беру және (немесе) тарату саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты;»;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - қызметтер) табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - Субъекті) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың сапалы және тең қол жеткізуін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттарын айқындау мақсатында әзірленді.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: