Электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі м.а. 2015 жылғы 29 шілдедегі № 573 бұйрығына 1-қосымша) (2018.10.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

міндетін атқарушының

2015 жылғы 29 шілдедегі

№ 573 бұйрығына 1-қосымша

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 65 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.10.12. № 99 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету

стандарты

 (2018.10.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.10.12. № 99 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.10.12. № 99 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы Электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - қызметтер) табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - Субъекті) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың сапалы және тең қол жеткізуін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттарын айқындау мақсатында әзірленді.

 

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.10.12. № 99 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібі

 

2. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді алу үшін тұтынушы субъектіге еркін үлгіде жазбаша өтініш (өтінім, арыз) жолдайды.

3. Субъекті тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді алуға арналған жазбаша өтінішін (өтінімін, арызын) мәлімделген көлемге не көрсетілетін қызметтерді тұтынудың басқа да шарттарына қарамастан тең жағдайлармен қабылдайды.

4. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъекті тұтынушы өтініш жасаған кезде реттеліп көрсетілетін қызметтердің құны және оларға қол жеткізу тәртібі туралы ақпарат ұсынады.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.10.12. № 99 бұйрығымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.