Осы редакция 2018 жылғы 10 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 573 бұйрығына 1-қосымша
Электр энергиясын беру және (немесе) тарату саласындағы табиғи
монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға
қызметтер көрсету стандарты
1. Осы Электр энергиясын беру және (немесе) тарату саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - қызметтер) табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - Субъекті) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың сапалы және тең қол жеткізуін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттарын айқындау мақсатында әзірленді.
2. Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібі
2. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді алу үшін тұтынушы субъектіге еркін үлгіде жазбаша өтініш (өтінім, арыз) жолдайды.
3. Субъекті тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді алуға арналған жазбаша өтінішін (өтінімін, арызын) мәлімделген көлемге не көрсетілетін қызметтерді тұтынудың басқа да шарттарына қарамастан тең жағдайлармен қабылдайды.
4. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъекті тұтынушы өтініш жасаған кезде реттеліп көрсетілетін қызметтердің құны және оларға қол жеткізу тәртібі туралы ақпарат ұсынады.
5. Реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі және «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген олардың сапасының талаптарына сәйкес Субъектімен келісім шарт жасаған барлық тұтынушыларға көрсетіледі.
6. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең қол жеткізіп ұсыну шеңберінде объектілерді электрмен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттар беру кезінде қызметті көрсететін субъекті:
1) қосымша талаптар қою мүмкіндігін болдырмай техникалық шарттардың толық тізбесін белгілейді;