Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 573 бұйрығына 5-қосымша
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 65 бұйрығымен күші жойылды
Бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар саласындағы
табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға
қызметтер көрсету стандарты
(2018.10.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.10.12. № 99 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - қызметтер) Табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - Субъекті) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың сапалы және тең қол жеткізуін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттарын айқындау мақсатында әзірленді.
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.10.12. № 99 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібі
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.10.12. № 99 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Тұтынушылар кірме жолдарды қозғалыс қауіпсіздігін, техникалық құралдарды және жылжымалы құрамды қамтамасыз ету жағдайы кезінде 1998 жылғы 9 шілдедегі «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бекітілген табиғи монополиялар салаларына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) үлгі шарттардың негізінде пайдаланады.
3. Кірме жолдар қызметтерін пайдалану құқығын алу үшін тұтынушылар Субъектіге екі данада жазбаша өтінім жолдайды. Өтінімді Субъект өтінім түскен күні мен уақытын көрсете отырып, тіркейді, бұл ретте тіркелген өтінімнің мөртабан қойылған бір данасы тұтынушыға беріледі.