Осы редакция 2018 жылғы 10 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 573 бұйрығына 5-қосымша
Бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар саласындағы
табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға
қызметтер көрсету стандарты
1. Осы Бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - қызметтер) Табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - Субъекті) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың сапалы және тең қол жеткізуін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттарын айқындау мақсатында әзірленді.
2. Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібі
2. Тұтынушылар кірме жолдарды қозғалыс қауіпсіздігін, техникалық құралдарды және жылжымалы құрамды қамтамасыз ету жағдайы кезінде «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы заңының 14-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бекітілген табиғи монополиялар салаларына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) үлгі шарттардың негізінде пайдаланады.
3. Кірме жолдар қызметтерін пайдалану құқығын алу үшін тұтынушылар Субъектіге екі данада жазбаша өтінім жолдайды. Өтінімді Субъект өтінім түскен күні мен уақытын көрсете отырып, тіркейді, бұл ретте тіркелген өтінімнің мөртабан қойылған бір данасы тұтынушыға беріледі.
4. Субъекті кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылардың өтінімдерін тіркеу журналын жүргізеді, ол нөмірленуге және тігілуге тиіс. кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылардың өтінімдерін тіркеу журналында өтінім түскен күні мен уақыты, сондай-ақ тіркеу нөмірі белгіленеді.
5. Өтініштерді тіркеуден бас тартуға, түсу күні мен уақытын, сондай-ақ олардың тіркеу нөмірлерін бұрмалауға жол берілмейді.