Кәсіптік стандарт: «Ғимараттар мен құрылыстар салу жөніндегі жұмыстар» (Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 163 бұйрығына 8-қосымша) (2026.22.11. берілген өзгерістермен)

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026.04.11. № 561 бұйрығымен Кәсіптік стандарт жаңа редакцияда (2026 ж. 22 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және

құрылыс министрінің

2023 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 163 бұйрығына

8-қосымша

 

 

Кәсіптік стандарт:
«Ғимараттар мен құрылыстарды салу жұмыстары»

(2026.22.11. берілген өзгерістермен)


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: «Ғимараттар мен құрылыстар салу жұмыстары» кәсіптік стандарты «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және мыналар үшін қолданылады:

- жұмыскерлердің дағдыларына, іскерліктері мен білімдеріне қойылатын талаптарды айқындау;

- тиісті бейіндегі техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеу;

- біліктілік бағдарламалары мен персоналды оқыту бағдарламаларын әзірлеу;

- жұмыскерлердің кәсіптік біліктіліктерін тануды жүргізу.

2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:

1) авторлық қадағалау - жобалау ұйымының құрылыс-монтаж жұмыстарының бекітілген жобалау құжаттамасына сәйкестігін бақылауы;

2) ғимараттар мен құрылыстарды ақпараттық модельдеу (BIM) - объектінің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде оның цифрлық ақпараттық моделін жасау және пайдалану процесі;

3) жасанды интеллект - компьютерлік жүйелерге әдетте адамның зияткерлік күш-жігерін қажет ететін міндеттерді, атап айтқанда деректерді талдауды, мәтіндерді іздеуді және дайындауды орындауға мүмкіндік беретін технологиялар;

4) жұмыстарды жүргізу жобасы - объектіде құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау технологиясын, кезектілігін, мерзімдерін және ресурстық қамтамасыз етілуін айқындайтын құжат;

5) реновация - ғимараттар мен құрылыстарды жаңартудың іс-шаралар кешені, оның ішінде қайта құру, жаңғырту, күрделі жөндеу және энергия тиімділігін арттыру;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.