Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық салаларындағы кәсіптік стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 163 бұйрығы
«Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мындай кәсіптік стандарттары:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Пісіру жұмыстары» кәсіптік стандарт;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Сылақ жұмыстары бойынша жұмысшылар» кәсіптік стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жаппа жұмыстары бойынша жұмысшылар» кәсіптік стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Құбырларды төсеу бойынша жұмысшылар» кәсіптік стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға «Ғимараттар мен имараттарды бөлшектеу және бұзу бойынша жұмысшылар» сәйкес кәсіптік стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Сумен жабдықтау, жылыту және ауаны баптау жүйелерін монтаждау бойынша жұмысшылар» кәсіптік стандарты;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Сырлау жұмыстары» кәсіптік стандарты;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Ғимараттар мен құрылыстар салу жөніндегі жұмыстар» кәсіптік стандарты;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Жобалау және дизайн» кәсіптік стандарты;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Оқшаулау жұмыстары бойынша жұмысшылар» кәсіптік стандарты;