Кәсіптік стандарт: «Сылақ жұмыстары бойынша жұмысшылар» (Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 163 бұйрығына 2-қосымша) (2026.22.11. берілген өзгерістермен)

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026.04.11. № 561 бұйрығымен Кәсіптік стандарт жаңа редакцияда (2026 ж. 22 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және

құрылыс министрінің

2023 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 163 бұйрығына

2-қосымша

 

 

Кәсіптік стандарт:
«Сылақ жұмыстары бойынша жұмысшылар»

(2026.22.11. берілген өзгерістермен)


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: «Сылақ жұмыстары бойынша жұмысшылар» кәсіптік стандарты «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес әзірленіп, білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде құрылыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындарда персоналды оқытуға, білім беру ұйымдары қызметкерлері мен түлектерінің кәсіптік біліктілігін тануға және ұйымдар мен кәсіпорындарда персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттердің шешімдеріне қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:

1) бетон - тұтқырзаттектер, су, ірі және ұсақ толтырғыштар және, қажет болған жағдайда, әртүрлі химиялық және минералды қоспалар қосындысының қатаюы нәтижесінде алынған жасанды тас болып табылатын құрылыс материалы;

2) құрылысжай - табиғи немесе жасанды кеңістік шекаралары бар және өндірістік процестерді орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдардың, жүктердің уақытша болуына (орын ауыстыруына), сондай-ақ жабдықты немесе коммуникацияларды орналастыруға (тартуға, жүргізуге) арналған, қолдан жасалған көлемді, жазықтық немесе желілік (жерүсті, су беті және (немесе) жерасты, суасты) құрылыс объектісі. Құрылысжай көркемдік-эстетикалық, декоративтік-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкін;

3) конструкция - құрылыс және монтаждау жұмыстарының барысында ӛзара байланыстырылған элементтерден тұратын, белгілі қызметтік міндет атқаратын құрылыс конструкциялары;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.