ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026.04.11. № 561 бұйрығымен Кәсіптік стандарт жаңа редакцияда (2026 ж. 22 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 163 бұйрығына
7-қосымша
Кәсіптік стандарт:
«Сырлау ісі»
(2026.22.11. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: «Сырлау ісі» кәсіптік стандарты «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес әзірленді және құрылысы саласында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар мен кәсіпорындарда білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, жұмыскерлер мен білім беру ұйымдары түлектерінің кәсіптік біліктілігін тануға, сондай-ақ персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:
1) құрылыс объектісін пайдалануға қабылдау актісі - бекітілген құрылыс жобасына және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтік құжаттарға сәйкес құрылыстың аяқталғанын және құрылыс объектісінің пайдалануға толық дайындығын растайтын құжат;
2) ққұрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы туралы қорытынды - орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын растайтын құжат;
3) ғимарат - жерүсті тұйық кеңістікті құрайтын көтергіш және қоршау конструкцияларынан тұратын, функционалдық мақсатына қарай адамдардың тұруына немесе болуына, өндірістік процестерді орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын жасанды құрылыс. Ғимараттың жерасты бөлігі болуы мүмкін;