ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026.04.11. № 561 бұйрығымен Кәсіптік стандарт жаңа редакцияда (2026 ж. 22 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 163 бұйрығына
3-қосымша
Кәсіптік стандарт:
«Шатыр жабу жұмыстарының жұмысшылары »
(2026.22.11. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: Кәсіби стандартты қолдану саласы: «Шатыр жабу жұмыстарының жұмысшылары» кәсіптік стандарты «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес әзірленген, білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, жұмыскерлер мен білім беру ұйымдарының түлектерінің кәсіби біліктілігін тануға, сондай-ақ құрылыс саласында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар мен кәсіпорындарда персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:
1) бетон - байланыстырғыш заттың, судың, ірі және ұсақ толтырғыштардың және қажет болған жағдайда әртүрлі химиялық және минералдық қоспалардың қоспасын қатайту нәтижесінде алынатын жасанды тас материалы
2) ғимарат - функционалдық мақсатына қарай адамдардың тұруы немесе болуына, өндірістік процестерді орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын, міндетті жер үсті тұйық көлемін құрайтын көтергіш және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылыс. Ғимараттың жерасты бөлігі болуы мүмкін
3) шатыр жұмыстары - ғимараттың шатырын орнату бойынша құрылыс жұмыстары. Негізгі шатыр жұмыстары - шатыр жабынын және шатырдың тиісті бөлшектерін (науаларды, құйғыштарды, су ағызатын құбырларды және т.б.) орнату
4) конструкция - көтергіш, қоршау немесе аралас (көтергіш және қоршау) функцияларды атқаратын ғимараттар мен құрылыстардың элементтері