Кәсіптік стандарт: «Ғимараттар мен имараттарды бөлшектеу және бұзу бойынша жұмысшылар» (Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 163 бұйрығына 5-қосымша)

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және

құрылыс министрінің

2023 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 163 бұйрығына

5-қосымша

 

 

Кәсіптік стандарт: «Ғимараттар мен имараттарды бөлшектеу және бұзу бойынша жұмысшылар»

 

1-ші тарау. Жалпы ережелер

 

1. Кәсіптік стандарттың қолданылу аясы: «Ғимараттар мен имараттарды бөлшектеу және бұзу жөніндегі жұмысшылар» кәсіптік стандарты «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес әзірленіп, білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, білім беру ұйымдары қызметкерлері мен түлектерінің кәсіптік біліктілігін тануға және персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттердің шешімдеріне құрылыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар мен кәсіпорындарда қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:

1) Ғимарат - табиғи немесе жасанды кеңiстiк шекаралары бар және өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктердi уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргiзуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегiстiктi немесе желiлiк объект (жер үстi, су бетi және (немесе) жер асты, су асты).

2) Ғимараттардың (құрылыстардың) инженерлік жабдығы - материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ететін адамдардың тұруына (тұрмысына), еңбек қызметіне (болуына) нормативтік не қолайлы жағдай жасайтын, сондай-ақ технологиялық жабдықтар мен өндірістік процестерді инженерлік қамтамасыз ететін инженерлік жүйелер мен техникалық құрылғылар кешені.

3) Құрылыс - қандай да бір заттың, машинаның, аспаптың, құрылыстың және т. б. бөліктерінің құрылымы, құрылымы, өзара орналасуы.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.