ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026.04.11. № 561 бұйрығымен Кәсіптік стандарт жаңа редакцияда (2026 ж. 22 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 163 бұйрығына
1-қосымша
Кәсіптік стандарт:
«Пісіру жұмыстары»
(2026.22.11. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: «Пісіру жұмыстары» кәсіптік стандарты «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес әзірленген және білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, жұмыскелер мен білім беру ұйымдары түлектерінің кәсіптік біліктілігін тануға, сондай-ақ құрылыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар мен кәсіпорындарда персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:
1) бетон - тұтқырзаттектер, су, ірі және ұсақ толтырғыштар және, қажет болған жағдайда, әртүрлі химиялық және минералды қоспалар қосындысының қатаюы нәтижесінде алынған жасанды тас болып табылатын құрылыс материалы;
2) газ немесе газды балқыту пісіру, сонымен қатар газбен дәнекерлеу - оттегі мен жанғыш газдың, негізінен ацетиленнің қоспасын қолдана отырып балқыту арқылы дәнекерлеу; сирек — сутегі, пропан, бутан, блаугаз, бензин және тағы басқалар;
3) құрылысжай - табиғи немесе жасанды кеңістік шекаралары бар және өндірістік процестерді орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдардың, жүктердің уақытша болуына (орын ауыстыруына), сондай-ақ жабдықты немесе коммуникацияларды орналастыруға (тартуға, жүргізуге) арналған, қолдан жасалған көлемді, жазықтық немесе желілік (жерүсті, су беті және (немесе) жерасты, суасты) құрылыс объектісі. Құрылысжай көркемдік-эстетикалық, декоративтік-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкін;