Кәсіптік стандарт: «Құбырларды төсеу бойынша жұмысшылар» (Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 163 бұйрығына 4-қосымша) (2026.22.11. берілген өзгерістермен)

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026.04.11. № 561 бұйрығымен Кәсіптік стандарт жаңа редакцияда (2026 ж. 22 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және

құрылыс министрінің

2023 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 163 бұйрығына

4-қосымша

 

 

Кәсіптік стандарт:
«Құбыр төсеу жұмысшылары»

(2026.22.11. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: «Құбыр төсеу жұмыстарының жұмысшылары» кәсіптік стандарты «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес әзірленді, білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, жұмыскерлер мен білім беру ұйымдарының түлектерінің кәсіптік біліктілігін тануға және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыратын ұйымдар мен кәсіпорындарда персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:

1) бетон - байланыстырғыш заттың, судың, ірі және ұсақ толтырғыштардың және қажет болған жағдайда әртүрлі химиялық және минералдық қоспалардың қоспасын қатайту нәтижесінде алынатын жасанды тас материалы;

2) құрылыс - өндірістік процестерді орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдардың, жүктердің уақытша болуына (қозғалуына), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргізуге) арналған, табиғи немесе жасанды кеңістіктік шекаралары бар, жасанды түрде жасалған көлемді, жазық немесе сызықтық құрылыс объектісі (жерүсті, суүсті және (немесе) жерасты, суасты). Құрылыс сонымен қатар көркемдік-эстетикалық, сәндік-қолданбалы немесе мемориалдық мақсатта болуы мүмкін;

3) құбыржол - бір-бірімен дәнекерлеу немесе ажыратылатын фланецтер арқылы тығыз жалғанған құбырлардан тұратын ұзыннан созылған құрылыс;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.