«Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығына өзгерістер енгізу туралый
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 23 бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 84 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10176 болып тiркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары және олардың мазмұнына қойылатын талаптарда:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) «Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері» деген жолда стратегиялық жоспардың, аумақтарды дамыту бағдарламасының және (немесе) бюджеттік бағдарламаның мақсатына қол жеткізуді сандық тұрғыдан өлшейтін, мемлекеттік орган қызметінің тікелей нәтижелеріне қол жеткізуге негізделген бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштері көрсетіледі.
Егер бюджеттік бағдарлама стратегиялық жоспардың бір мақсатына сәйкес болса, онда бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесі ретінде стратегиялық жоспардың осы мақсатының нысаналы индикаторлары көрсетіледі.
Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері:
анық, айқын және нақты болуға тиiс;