Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 198 бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 8 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 72-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.